Тест: Уақытыңызды үнемдей аласыз ба?

Уақыт бірде құстай зымыраса, енді бірде өтпей мезі қылады. Дәл қазір уақытты үнемдеу туралы көп теория бар. Олардың қайсысы шындыққа жанасатынын білмейміз. Бірақ барлығымызға ойға алған мақсаттарымызды жүзеге асыру үшін көп уақыт керек екені анық. Төмендегі тестінің көмегімен өзіңіздің уақытты қаншалықты бағалай алатындығыңызды біле аласыз. 

1. Іске кіріспес бұрын барлығын жоспарлап аласыз ба?

а) есімде жоқ – 0;

ә) кейде – 2;

б) үнемі – 3.

2. Бастығыңыз берген тапсырмаларды басқа біреулерге орындатасыз ба?

а) есімде жоқ – 0;

ә) кейде – 2;

б) үнемі – 3.

3. Жоспарларыңыз бен мақсаттарыңызды қағазға жазып, уақытын белгілейсіз бе?

а) есімде жоқ – 0;

ә) кейде – 2;

б) үнемі – 3.

4. Тапсырманы бірінші реттен дұрыс орындайсыз ба?

а) есімде жоқ – 0;

ә) кейде – 2;

б) үнемі – 3.

5. Күн сайын не істейтініңізді қағазға жазып отырасыз ба? Маңызды жұмыстарды бірінші орындау сынды әдетіңіз бар ма?

а) есімде жоқ – 0;

ә) кейде – 2;

б) үнемі – 3.

6. Жұмыс істеп отырған кезде телефоныңызды сөндіріп қоясыз ба?

а) есімде жоқ – 0;

ә) кейде – 2;

б) үнемі – 3.

7. Әліңіз келмейтін іске кірісесіз бе?

а) есімде жоқ – 0;

ә) кейде – 2;

б) үнемі – 3.

8. Қиын мәселелерді бірден шешесіз бе?

а) есімде жоқ – 0;

ә) кейде – 2;

б) үнемі – 3.

9. Қайырымдылықпен айналысасыз ба?

а) есімде жоқ – 0;

ә) кейде – 2;

б) үнемі – 3.

10. Біреудің ұсынысынан оңай бас тартасыз ба?

а) есімде жоқ – 0;

ә) кейде – 2;

б) үнемі – 3.

Жауабы:

0-15 ұпай. Уақытыңызды үнемдей алмайсыз. Қоршаған ортаңызға тәуелдісіз. Мақсатпен бірге оның орындалу мерзімін қойған кезде ғана белгілі бір нәтижеге қол жеткізесіз.

16-20 ұпай. Өзіңізді жөнге келтіруге тырысқанмен, үнемі жолыңыз бола бермейді.

21-25 ұпай. Барлығына үлгеріп жүресіз.

26-30 ұпай. Уақытты үнемдеу мәселесіне келген кезде айналаңыздағыларға үлгі бола аласыз. Сізден көп нәрсе үйренуге болады.