- Негізгі бет
- Психология
- Тест. Түйсігіңіз алдай...
Тест. Түйсігіңіз алдай ма?
Мына тест көмегімен түйсігіңіз туралы барлық ақпаратты ала аласыз. Сәттілік!
1. Төмендегі 4 ситуацияның қайсысы таныс?
А) Автобуста кітап оқып отырсыз. Әр аялдама сайын, көзіңізді кітаптан алып, сізге біреу қарап тұр ма деп тексересіз.
Ә) Бүгін құрбыңыздың көңіл-күйі жоқ. Сабырсызданып, бар себепті өзіңізден іздей бастайсыз.
Б) Ұялы телефон шырылдады. Кімнің хабарласқанын экранына қарамай жатып білесіз.
В) Досыңыздың туған күні аяқталайын деп қалды, ал сіз әлі де өмірлік серігімді жолықтырып қаламын ба деп ойлайсыз.
2. Маңызды жоба жасап жатқан кезіңізде бастық шақырады. Не үшін шақырды деп ойлайсыз?
А) Мүмкін ол жобадағы кейбір қиындықтарды талқылағысы келген шығар.
Ә) Оның не үшін шақырғанын хатшысынан біліп аласыз.
Б) Бір қателік жіберіп алғаныңыз анық.
В) Қызық сұрақ екен! Мен онсыз да не үшін шақырғанын білу үшін бара жатқан жоқпын ба?
3. Өміріңізде бұрын-соңды қайталанбаған сәт болайын деп тұр. Оны мәңгілік есте қалатындай етіп өткізу үшін не істейсіз?
А) Дәл сол күнімді соңғы күнімдей өткізуге тырысамын. Ешкімнің мен туралы айтатын пікіріне қарамай, ойыма келгенді жасаймын.
Ә) Жаныма жақын адаммен дәл осы ерекше сәтті бастан кешіріп жатқандығым туралы сөйлесемін.
Б) Бастысы мұндай сәттерде жасандылық болмаса екен деймін.
В) Мен жақсы көретін адам бақытты болса, мен де бақыттымын. Сондықтан дәл осы сәтте жанымдағы адамның бақытты болуы үшін барлық жағдайды жасаймын.
4. Құрбыңыз өзінің айықпайтын дертке шалдыққанын айтты. Бірақ бұл әлі расталмады. Тек болжам ғана. Сіз оған қандай кеңес бересіз?
А) Дәріханаға барып қажет дәрілерді сатып ал деп айтамын.
Ә) Бұған қаншалықты сенімді екенін сұрап, біраз уақыт күт деймін.
Б) Мамандарға баруына кеңес беремін.
В) Бірінші ата-анасымен сөйлескені дұрыс шығар.
5. Көп уақыттан бері сабақта да, жұмыста да, махаббат мәселесінде де жолыңыз болмай жүр. Дәл осы сәтте не істейсіз?
А) Бақсы-балгерге барып, алдымда не күтіп тұрғанын сұраймын.
Ә) Мен бұл қиындықты жеңіп шығатынымды жақсы білемін.
Б) Бұл қиындықты логика тұрғысынан шешіп, одан құтылу жолдарын іздеймін.
В) Мұндай қиындықтарға тап болған кезде қатты қиналамын.
6. Танысыңыздың бір нәрсе бүлдіргенін сыртынан байқап қалған кезде не істейсіз?
А) Телефонымда камера болғаны қандай жақсы болған!
Ә) Барлығымыз да мінсіз емеспіз ғой, сондықтан еш нәрсе демеймін.
Б) Әттең, ата-анасы жап-жақсы тәрбие беріп еді ғой.
В) Мен бұл досымның нашар адам екенін баяғыдан білетін едім. Бар болғаны күдігім расталды.
7. Сіздің ең алғашқы кездесуіңіз сәтті өтті. Барлығы да ұнады. Бірақ кешке жақын үйге барып хабарласқаныңызда, кездескен адамың телефонын алмады. Бұл туралы не ойлайсыз?
А) Көңілім түседі. Оның менің қоңырауыма жауап бермегені – маған құрметсіздік көрсеткені.
Ә) Күдіктенемін. Мүмкін ол екіжүзді адам шығар.
Б) Көңілім қалады. Мен бақыттың құшағына оранған кездесу ол үшін сәтсіз болған екен ғой.
В) Түсіністікпен қараймын. Кеш болып кетті. Оның үстіне ұйықтап та қалған болар.
Жауабы:
| А | Ә | Б | В |
1 | 5 | 20 | 15 | 10 |
2 | 15 | 10 | 20 | 5 |
3 | 20 | 5 | 15 | 10 |
4 | 5 | 10 | 20 | 15 |
5 | 10 | 15 | 5 | 20 |
6 | 15 | 5 | 10 | 20 |
7 | 5 | 20 | 10 | 15 |
50 ұпайдан төмен: Ақыл ма, жүрек пе? Тек қана ақыл!
Егер сүйіктіңіз сізге үйлену туралы ұсыныс жасаса, сіз оның қай жерде жұмыс істейтінін, әке-шешесінің қандай адам екенін, созылмалы ауруға шалдыққан-шалдықпағаны туралы ойлауға кірісесіз. Жұмыста ілгері жылжу мүмкіндігі туа қалса, соны бірден иемденіп алуға тырысасыз. Ақ пен қараны оңай ажыратасыз. Келісімшартқа қол қоймас бұрын, оны бүге-шүгесіне дейін қалдырмай оқып шығасыз.
Кеңес: Ситуацияны әрдайым бақылаған дұрыс, бірақ адамдарға да сенім артқан жөн. Егер осы қалпыңыздан таймайтын болсаңыз, өмірдің қызықты сәттерін сезіну мүмкіндігін жіберіп аласыз. Сондықтан еркін болуды үйреніңіз.
Сенім
Адаммен біраз уақыт тілдескен соң, оны өзіңізге жақын тартасыз. Бірақ артынша одан себепсіз күдіктене байтайсыз. Немесе тауға шығуды жоспарлап, нақ баратын кезде қорқып бас тартасыз. Айналадағы адамдар сізді өзіне сенімсіз деп ойлайды.
Кеңес: Түйсігіңіз керемет болмаса да, адамдарды жақсы тани білесіз. Бар болғаны сенімсіздік танытқан сәтте түйсігіңізге сенуден бас тартып, ақылға жүгінесіз.
50 пен 70 ұпай аралығы: Түйсігіңізге толықтай сенуге болады!
Бейтаныс адаммен бірер минут тілдескен соң, ол туралы барлығын да айтып бере аласыз. Тіпті оның болашағы үшін де болжам жасау қабілетіңіз бар. Түйсігіңіз де еш уақытта алдап көрген емес. Өзіңіз түсінбейтін тылсым күшке сенім артасыз және дұрыс жасайсыз.
Кеңес: Түйсігіңіз өте жақсы дамыған. Мектеп пен университет қабырғасындағы емтихандардан оңай өтетіндіктен сізді құрбыларыңыз көре алмайды. Мұнымен қатар кез келген адаммен ашық-жарқын сөйлесе бермей, кейбірімен ғана тіл табысасыз. Өзіңізге әрдайым сеніңіз, түйсігіңіз сізді еш уақытта алдамайды.
70 пен 95 ұпай аралығы және одан жоғары: Жағымсыз ой
Өзгенің басынан өткен жағымсыз оқиғаны көріп, дәл сол оқиға сізде де болатындай күй кешесіз. Болмаса, көшеде жедел жәрдемнің даусын естісеңіз, жақының апатқа түсіп қалды екен деп ойлайсыз. Ал егер жұмыста біреулердің алдыңда сыбырласып жүргенін байқасаңыз, сізді жұмыстан шығару туралы айтып жатыр деп ойлайсыз.
Кеңес: Сіз тым сезімталсыз. Кейде тіпті осы қасиетіңізбен шектен шығып кетесіз. Барлығын сабырмен ойлаңыз, дүрбелеңге салынбаңыз. Өмірдің тізгінін жағымсыз ойларға беруге болмайды.
Г. Берік