Бұл психологиялық тестті дәрігерлер әскерге дайындық алдында болашақ жауынгерлерді тексеру мақсатында жасаған. Тест құрылымы өте қарапайым. Бар болғаны берілген суреттегі сандарды оқу қажет. Көптеген санды бірден анықтай алмаған адам дальтонизм — түстерді ажырата алмау ауруына шалдыққан болуы мүмкін. Ал тек кейбір сандарды ажырата алмаса, мынадай белгілер болады:
1-дөңгелек көрінбесе
Келеңсіздік көбейіп, құлазуға көп жол бересіз. Ішкі жан дүниеңізді байытуға, физикалық жаттығумен айналысуға кеңес беріледі.
2-дөңгелек көрінбесе
Ақыл-ой қабілеті төмендеген. Әскер қатарына барар болсаңыз, басқа мін жоқ.
3-дөңгелек көрінбесе
Ашкөздік. Бір орында отырып істейтін жұмыстан және ас үй қызметтерінен бас тартқан абзал.
4-дөңгелек көрінбесе
Біреуді қинауға құмарлық. Оқытушылық құрамнан, білім беру бөлімінен аулақ жүру ұсынылады.
5-дөңгелек көрінбесе
Өзіне сенімді, күшті рух. Өзге айтарымыз жоқ.
6-дөңгелек көрінбесе
Шизофрения. Психиатрға толықтай тексеріліңіз.
Сіз қай дөңгелектегі санды анық көре алмадыңыз?