Адамдар өзіміз күткендей әрекет жасамаған кезде қатты ренжиміз. Бұл ренішіміз кейде орынды болса, кейде «түймедейді түйедей» еткеніміздің дәлелі болады. Төмендегі тестінің көмегімен өзіңіз туралы біле аласыз.
1. Сіздің көңіл-күйіңізді түсіру оңай ма?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
2. Біреу сізді ренжітсе, бұл оқиғаны өмір бойы есіңізде сақтап өтесіз бе?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
3. Автобусқа кешігу, ыдысты сындыру, киімді былғау сынды майда-шүйделерге бола ұзақ уақыт көңілсіз жүресіз бе?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
4. Кейде ешкімді көргіңіз келмейтін, жалғыз қалуды аңсайтын сәттер бола ма?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
5. Айналаңызда біреулер шулап жатса, жұмыс істей алмай қаласыз ба?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
6. Өзіңіз бен іс-әрекетіңіз туралы жиі ойланасыз ба?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
7. Ойланбастан әрекет жасайтын кездеріңіз бола ма?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
8. Қорқынышты түстерді жиі көресіз бе?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
9. Өзіңізді өзгелерден төмен санайсыз ба?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
10. Көңіл-күйіңіз жиі өзгере ме?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
11. Көңіл-күйіңізге байланысты даусыңыз өзгеретін кездер бола ма?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
12. Тез ашуланатыныңыз рас па?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
13. Біреу көңіл-күйіңізді түсірсе, оған ұзақ уақыт бойы ренжіп жүресіз бе?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
14. Айтқан сөзіңізді түсінбейтін адамдарға ренжисіз бе?
а) иә – 0;
ә) кейде – 1;
б) жоқ – 2.
Жауабы:
23-28 ұпай. Сіз ешкімге ренжімейсіз. Кішігірім жанжалдарға бола ашуланбайсыз. Кей адам сізді тасжүрек деп те ойлайды. Айналаңыздағылар қызғана қарайтындықтан, олардың бұл сөзіне назар аудармаңыз.
17-22 ұпай. Ренжисіз әрі үнемі жанжал шығарып жүресіз. Тез ашуланатындықтан, әріптестеріңіздің барлығымен ұрысып көргенсіз. Жүйкеңізді жұқарта бермегеніңіз жөн.
0-16 ұпай. Айналаңыздағылардың пікіріне тәуелдісіз. Көңіл-күйіңіз минут сайын құбылып отырады. Бұл мінезіңізден арылғаныңыз жөн.
Сіз тез ренжисіз бе?