Тест: "Техниканы қаншалықты жақсы меңгердіңіз?"

Тест: "Техниканы қаншалықты жақсы меңгердіңіз?"

Жаңа жылда айтылатын жаңа табыс, жаңа мүмкіндіктерге ие болуды тілейміз деген тілектер есіңізде ме? Біз, расымен де, жаңалықты қабылдауға дайынбыз ба? Бұл сұрақтың жауабын төмендегі тест көмегімен анықтаңыз.

1. Компьютер сөзін естіген кезде не істейсіз?

А) Басымды ұстаймын

Ә) Сөздіктен іздеуге кірісемін

Б) Пернетақтаға жабысамын

2. Интернетпен таныссыз ба?

А) Мұндай фамилиясы бар танысым есімде жоқ

Ә) Аса таныспын деп айта алмаймын, бірақ жақын уақытта меңгеруге тырысамын

Б) Ия, біз, тіпті, туысқан болып кеттік

3. «Желі» сөзін естіген кезде қандай күйде боласыз?

А) Желімнің бір түрі шығар деп ойлаймын

Ә) Интернетке қатысты бір нәрсе болуы керек

Б) Достармен қарым-қатынас жасауға арналған жүйе

4. Сіз несие картасын таңдайсыз ба, әлде ақшалай төлем жасағанды ұнатасыз ба?

А) Несие картасы өте қолайлы

Ә) Әркез әртүрлі, бірақ ақшалай болған дұрыс сияқты

Б) Әдеттегідей тек ақшалай

5. Сіз бұрын-соңды несие алып көргенсіз бе?

А) Жоқ, бірақ болашақта алуым мүмкін

Ә) Мұндайды бірінші рет естіп тұрмын

Б) Ия, әрине

6. Интернет арқылы тауар сатып алуға көзқарасыңыз қандай?

А) Соңғы кезде барлығын интернеттен тапсырыс алу арқылы алдырып жүрмін

Ә) Өмірімде бір рет қана көргенмін

Б) Мұндай тәсілге еш уақытта барып көрген емеспін және олай жасамаймын да

7. Сіздің ойыңызша, винчестер деген - ...

А) Мамандықтың атауы

Ә) Винтовканың бір түрі

Б) Компьютердің қатқыл дискісі

8. Сіз үшін ұялы телефон қандай қызмет атқарады?

А) Менің өмірімнің мәніне айналған қымбат ойыншық

Ә) Тек қана керек зат

Б) Менде ұялы телефон жоқ


9. Mms, sms қызметін пайдаланасыз ба?

А) Оны пайдаланудың ешқандай да пайдасын көріп тұрғаным жоқ

Ә) Кейде, қажет болған жағдайда

Б) Ия, телефонымда соңғы күндері бірлік таусылып жүр

10. Қалай ойлайсыз мектеп жасына дейінгі балаларға компьютер пайдасы бар ма?

А) Ия, ол мидың жетілуіне көмектеседі

Ә) Жоқ, менің ойымша, тек құрдастарымен араласқаны жөн

Б) Мүмкін, бірақ баладан бұрын әке-шешесіне пайдалырақ сияқты, себебі олардың қолы тимеген кезде бала бар уақытын осы көк экранның алдында өткізеді

Ұпай санын төмендегі кестеге сәйкес есептеңіз:

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

2

3

2

1

2

1

3

1

3

1

Ә

3

2

3

2

3

2

2

2

2

3

Б

1

1

1

3

1

3

1

3

1

2

10-16- ұпай: Сіз барлық жаңаны қабылдауға дайынсыз. ХХІ ғасырдық жаңа туындысының қыр-сырын анықтау үшін уақытыңызды аямайсыз. Сіз секілді адам ақпараттық техниканы ұтымды түрде пайдалана алады. Алайда әр нәрсенің шегін білген дұрыс. Сондықтан интернетке тәуелді болып жүрмеңіз.

17-23 ұпай: Сіз техниканың тек өзіңізге пайдасы барын ғана пайдаланасыз. Ал жұрт қатарлы айфон сатып алып, жәй ғана мақтан үшін ұстап жүруді ұнатпайсыз. Мұндай заттар сізге болмаса да, балаларыңызға ұнауы мүмкін. Сол себепті оларды техникалық сыйлықпен қуантуды ұмытпаңыз.

24-30 ұпай: Дәл қазір ХХІ ғасыр екенін ұмытып кеткен сияқтысыз. Ауыр жұмысты техникаға сыйлаңыз. 2014 жылда жаңа техникаларды жақсылап меңгеруіңізге тілектеспіз!

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Қ. Бүйенбай