Данышпандар «Өткен күннің бәрі өмір емес, тек есіңде қалған күндерің ғана өмір» дейді. Расымен де, осыншама керемет сыйлықтың қадірін біліп жүргендердің саны аз. Ал сіз ше? Өз тағдырыңызға ризасыз ба? Нақты жауабын білмесеңіз, оны тесттің көмегімен анықтап көріңіз.
1. Сіздің ойыңызша, адамдар қай жерде өзін бақыттырақ сезінеді?
А) Үнемі күн шығып тұратын оңтүстік аймақта - 2
Ә) Барлық мүмкіншілік қамтылған қалаларда - 1
Б) Адам аз өмір сүретін өлкеде - 3
2. Төмендегілердің қайсысын өмірлік ұстаным ретінде пайдаланатын едіңіз?
А) Темірді ыстығында бас - 2
Ә) Жаңбырдан кейін міндетті түрде күн шығады - 1
Б) Жылтырағанның бәрі алтын емес - 3
3. Сүйіктіңіздің не сыйлағанын қалайсыз?
А) Әшекей бұйым, сағат - 1
Ә) Шетелге саяхат - 2
Б) Үй шаруашылығына қажетті немесе пайдаға жарайтын зат - 3
4. Мамандығыңызды ауыстырғыңыз келе ме?
А) Ия, осы туралы үнемі ойлаймын. Тағы да бір мамандықты меңгеріп алғым келеді - 3
Ә) Жұмыста кездейсоқ қиындық туындап, жалақымызды кешіктіріп беретін кезде жылдам ауыстырғым келіп кетеді- 2
Б) Жоқ, ешқашан - 1
5. Көбіне не нәрсеге күлесіз?
А) Жақындарымның басына түскен қиындықтарға бола - 3
Ә) Жақсы әзіл айтылған кезде - 2
Б) Өзімнің ақымақтығыма - 1
6. Қалада қыдырып жүрген кезде сізге не кедергі жасайды?
А) Көліктердің шуы - 1
Ә) Қайыршылар - 3
Б) Ауаның ластығы - 2
7. Сізді қандай адамдар қызықтырады?
А) Өзіне барынша сенімді адамдар - 2
Ә) Білімді жандар - 3
Б) Көңілді жүретін, кез келген қалжыңды көтеретін тұлғалар – 1
Жауабы:
7-11 ұпай: Сізді құттықтаймыз! Өмір қандай болса, тек сол қалпында қабылдайсыз. Ешқандай жасандылық жоқ. Майда қуаныштарға бола төбеңіз көкке жетіп, қиындықтарға көз жұма қарауға дайынсыз.
12-16 ұпай: Өмірді не үшін жақсы көруге болатынын түсінбейсіз. Үнемі тағдырыңызға лағынет айтасыз. Айналаңыздағы адамдарға тым жоғары талаптар қоясыз. Ал өзіңіз болсаңыз, сол талаптарға мүлдем лайық емессіз.
17-21 ұпай: Сізді нағыз пессимист деуге болады. Өмірге жаман көзқараспен қарауға болмайды. Жақсы сөз жарым ырыс екенін ұмытпай, көңілді жүріп, өмірді түсінетін жандардың жанында көбірек жүруге тырысыңыз.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru