Пенсильвания университетіндегі Дэвид Бернс дәрігер уайым ауруына өздігінен диагноз қоюға болатын "Бернстің уайым тізімі" атты жоба жасаған. Бұл тізім арқылы сіздің өзіңізде уайым ауруы бар-жоғын тез арада білуге болады. Өзіңізге сәйкес келетін орынға нөмір қойыңыз, жоқ болса нөл, азырақ болса бір, қалыпты болса екі нөмір, ауыр болса үш нөмір.
1. Қайғы: сіз үнемі қайғыланасыз ба немесе қасірет ішінде қаласыз ба?
2. Үмітсіздену: сіз үнемі болашағыңыздан үмітсізденесіз бе?
3. Өзін қадірлемеу: үнемі өзіңіздің құныңыз жоқтай сезінесіз бе немесе өзіңізді сәтсіздікке ұшыраушы деп ойлайсыз ба?
4. Қор санау: үнемі өзіңізді түкке шамаңыз келмейтіндей немесе басқаларға жетпейтіндей сезінесіз бе?
5. Опыну: әрқандай іске бола өзіңізді опыққа саласыз ба?
6. Екі ұдайлық: шешім қабылдарда үнемі екіұдай боласыз ба?
7. Тағатсыздық: жақыннан бері үнемі ашуланып немесе әлденеге көңіліңіз толмай жүр ме?
8. Тұрмысқа деген қызығуды жоғалту: жұмысыңыз, отбасыңыз немесе достарыңызға қызықпай қалған кездеріңіз болды ма?
9. Пейілін жоғалту: серпіле алмай, жұмысқа пейіл сала алмайсыз?
10. Өзін бейшара сезіну: өзіңізді қартайғандай немесе тартымдылығыңызды жоғалтқандай сезінесіз бе?
11. Тәбет өзгерісі: үнемі тамаққа тәбетіңіз тартпай тұра ма немесе кенеттен еріксіз көп тамақ ішкіңіз келе ме?
12. Ұйқы өзгерісі: сізде ұйқысыздық бар ма немесе күні бойы дел-сал болып, ұйқы басып жүре ме?
13. Жыныстық әуесін жоғалту: жыныстық әуесіңізді жоғалтып алдыңыз ба?
14. Дерттену: үнемі өзіңіздің денсаулығыңызға алаңдайсыз ба?
15. Өз-өзіңізге қол салуды ойлау: тірліктің мәні жоқ деп ойлайсыз ба немесе тірі жүргеннен өлген артық деп қарайсыз ба?
Жауабы:
0-4 нөмір: уайым дерті жоқ;
5-10 нөмір: кейде уайым дерті пайда болады;
11-20 нөмір: жеңіл дәрежеде уайым дерті бар;
21-30 нөмір: орта деңгейде уайым ауруы бар;
31-45 нөмір: ауыр дәрежеде уайым дерті бар, емделуіңіз керек.
Тест: "Мен қандай адаммын?"
Тест: "Сіздің мінезіңіз қандай?"
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: vk.com