Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез бар. Бірі - жібектей нәзік, сабырлы келсе, енді бірі бірден шу шығарып, жанжалдасуға дайын тұрады. Ал сіз ше? Қаншалықты сабырлысыз? Бұл сұраққа жауап беруге қиналсаңыз, төмендегі тестінің көмегіне жүгініңіз.
1. Сіз ұсынған идеяны өзгелері қолдамаса, ренжисіз бе?
а) ия – 0;
ә) жоқ – 2.
2. Достарыңызбен кездескен кезде ойын ойнадыңыздар делік. Сіз нені таңдайсыз?
а) Тек тәжірибесі бар адамдардың ойнағанын – 0;
ә) Әлі ережесін толық білмейтін адамдар ғана ойнағанын – 2.
3. Қайғылы хабарды сабырмен қабылдайсыз ба?
а) ия – 0;
ә) жоқ – 2.
4. Қоғамдық орындарда мас болып жүретін адамдар жүйкеңізге тие ме?
а) Егер олар ешкімнің мазасын алмаса, оларға бұрылып қарамаймын – 2;
ә) Өзін ұстай алмайтын адамдарды сыйламаймын – 0.
5. Қызығушылығы мен танымы бөлек адаммен әңгімелесе аласыз ба?
а) Мұндай кезде қатты қиналамын – 0;
ә) Мен мұндай нәрселерге назар аудармаймын – 2.
6. Біреу сізді келекетсе, не істейсіз?
а) Келекеткен адамды жақтырмаймын – 0;
ә) Қалжыңы орынсыз болса да, жауапты сыпайы түрде қайтаруға тырысамын – 2.
7. «Адамдардың көбісі өзгелердің шаруасына араласады» деген пікірге көзқарасыңыз қандай?
а) ия – 0;
ә) жоқ – 2.
8. Жаныңыздағы досыңыз сізге қарағанда жақсы жұмыс істеп, көпшіліктің ықыласына бөленеді. Мұндайда не істейсіз?
а) Шынымды айтсам, оның көлеңкесінде қалып қойғым келмейді – 0;
ә) Мен тек қана қуанамын – 2.
9. Қонаққа барған кезде жастарды ғайбаттап отырған адаммен кездестіңіз. Не істейсіз?
а) Сылтау тауып, ертерек кетіп қаламын – 2;
ә) Онымен сөз таластырамын – 0.
Жауабы:
0-4 ұпай. Сіздің пікіріңізді өзгерту қиын. Ешкімнің ырқына көнбейсіз. Керісінше өзгелерге айтқаныңызды істеткіңіз келеді. Мақсатыңызға жету үшін жақын адамдарыңызды құрбандыққа шалуыңыз мүмкін. Қырсық мінезіңіздің арқасында көп адаммен сөзіңіз жараспайды.
6-12 ұпай. Өз пікіріңізді соңына дейін қорғайсыз. Қажет болған кезде ортақ шешімге келіп, адамдармен тіл табыса аласыз. Кейде қарсы алдыңызда отырған адамды қатты ренжітуіңіз мүмкін. Жеңіске әділ жолмен жетуді үйренгеніңіз жөн.
14-18 ұпай. Ақылыңыз көркіңізге сай. Ал мінезіңізге тағар мін жоқ. Кез келген адамның пікірін тыңдап, дұрыс шешім қабылдай аласыз. Ақ пен қараның ара-жігін оңай ажыратасыз.