Көпшілік адамдар жақсы қарым-қатынастың тек шындықтың нәтижесінде ғана орнайтындығын айтады. Алайда күнделікті тұрмыста жақын адамдарымызға да өтірік айтып жататын тұстарымыз болады. Біреуден өзіңізге ұнамаған сыйлық алып қалсаңыз немесе сабақтан нашар баға алып келсеңіз шындықты айтасыз ба?
Кейбір адамдардың қанына өтірік айту қабілеті сіңіп кететін. Қанына сіңген қасиеттің арқасында шынайы қарым-қатынастың не екендігін түсінбей өтеді. Осы тесттің көмегімен өзіңіздің өтірік айта білу қасиетіңіздің қандай дәрежеде екендігін анықтап көріңіз:
1. Сізге ұялтатындай сұрақ қойды. Бірінші кезекте не істейсіз?
А) өтірік айтамын
Ә) жауап беруден бас тартамын
Б) барлығын қалжыңға айналдырамын
В) тақырыпты ауыстырып жіберемін
Г) шынайы жауап қайтарамын
2. Сабаққа ұйқыңызды қимағандықтан кешігіп бардыңыз. Ұстаз алдында қалай ақталасыз?
А) оятқының даусын естімегендігімді айтамын
Ә) көлік кептелісіне тап болғандығымды айтамын
Б) жәй ғана кешіккендігімді айтамын
В) отбасыма немесе кіші іні-қарындастарыма байланысты жағдайлар ойлап табамын
Г) өтіріктің барлығын сол мезетте ұйымдастырамын
3. Осы тестке жауап беріп отырған кезде қолдарыңыз қандай қимыл-қозғалыс жасап жатыр?
А) уақыт өткен сайын қолдарым ерніме, бетіме тиюде
Ә) мұрнымның үстіңгі бөлігіне тиіп жатыр
Б) әйтеуір қозғалып жатыр
В) бір-бірінің үстінде
Г) бір нәрсені шұқылап жатыр
4. Өтірік туралы айтар болсаңыз...
А) онсыз өмірді елестету мүмкін емес
Ә) көп жағдайда пайдасы тиеді
Б) өзіңді құтқару үшін өтірік айтуға болады
В) ерте ме, кеш пе өтіріктің беті ашылады
Г) шындық пен өтірікті пайдаланатын жерлерді білсек болғаны
5. Сіздің өтірік айтып тұрғаныңызды біреу біліп қойса...
А) бұның өтірік екендігін айтып, тағы быраз жалтарамын
Ә) не себепті өтірік айтқанымды түсіндіремін
Б) күлемін
В) менде не шаруасы бар екендігін айтып, ашуланамын
Г) ұрысамын
6. Ешкімге, ештеңкеге қарамастан шындықты айтатын адамдар дегеніміз кімдер?
А) ұялатындай әрекеттер жасамаған адамдар
Ә) өзгелердің көңіліне қарамайтындықтан, үнемі шындықты ғана айтатын жандар
Б) батыл адамдар
В) өзіне сенетін жандар
Г) адал адамдар
Жауабы:
Сұрақтың реті
А
Ә
Б
В
Г
1
13
5
4
2
1
2
25
3
1
4
2
3
31
2
4
5
3
4
42
3
5
1
3
5
71
5
3
4
2
6
5
2
3
4
1
30-ға дейін
Шындық пен өтіріктің арасында адасып жүрген жоқсыз ба? Өтірік айту қаныңызға сіңген қасиетке айналып барады. Және зиянды өтіріктер емес, өзгелерге кесірі тиетін өтіріктерді де айтып жүрсіз. Барлығын есептеп, алдын ала ойластырасыз. Сізге тежелетін уақыт келген сияқты ...
31-ден 48-ге дейін
Өсек-аяңға жақын адам секілдісіз. Әрине, өзгенің сырын сақтау қиын, алайда ойыңыздан шығарылған дүниелерді қосып айтуыдың қандай қажеті бар? Тыңдармандарға қызықты болу үшін бе? Өзгелердің мінін айтып, олардан дәрежеңіздің жоғары екендігін көрсету үшін бе? Бұл мінезден арлығаныңыз жөн.
49-дан 60-қа дейін
Сіз көбінесе қиын жағдайға тап болған кезде өтірік айтасыз. Сол сәтте басыңызға түскен жауапкершіліктен жалтарғыңыз келеді. Сізге батылдық қажет.
61-ден 85-ке дейін
Бір қызығы сіз көңіл-көтеру үшін ғана өтірік айтасыз. Және өтіріктеріңіздің айналаңыздағыларға ешқандай да зияны жоқ. Бірақ, шындықты айтпайтындығыңыздың арқасында жақын адамдарыңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін.
85-тен 100-ге дейін
Өтірік айтсаңыз да өзіңізді ақтап алуға дайын тұрасыз. Өтірік айта отырып өзгелерді ренжіткенді жақсы көресіз. Бұның себебін анықтап көріңіз. Мүмкін өзіңіз бен өміріңізге көңіліңіз толмайтын шығар.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: selfhasker.ru