Тест: "Сіз көңілді адамсыз ба?"

Тест: "Сіз көңілді адамсыз ба?"

Даналардың «Жыласаң, жалғыз жылайсың, күле білсең, қуанышың көпке ортақ» деген сөзі естеріңізде ме? Өмірдің жайсаң да, жақсы тұстарын көрген сайын алдымызға қойған жоспарымыз да дәл солай жылдам орындалады. Ал жолыңыз болмай жүрсе, оны мұңайып тұратын жүзіңізден көріңіз.

1. Сыйлық ретінде болмашы ойыншық пен күлкілі ашық хат сатып алатын кезіңіз бола ма?

А) Үнемі – 1

Ә) Кейде – 2

Б) Кейде ғана – 3

2. Сіз әзіл-қалжың айтуды ұнатасыз ба?

А) Аса ұнатпаймын – 3

Ә) Біреудің айтқан әзіліне ішегім түйілгенше күлсем, оны өзгелерге де айтып беремін – 2

Б) Иә, қатты жақсы көремін – 1

3. Ұтыс ойындарына көзқарасыңыз қандай?

А) Қатты жақсы көремін – 1

Ә) Маған пайдасы тиіп жатса, ұнайды – 2

Б) Оларды баланың ойыны деп білемін – 3


4. «Ер Төстік» ертегісіндегі сіздің сүйікті кейіпкеріңіз қайсы?

А) Ер Төстік - 1

Ә) Кенжекей - 2

Б) Айдаһар - 3

5. Көшеде бейтаныс адам сізге қарап жымиса ...

А) Мен де жымиямын – 1

Ә) Ешқандай жауап қайтармаймын – 2

Б) Келбетімде бір нәрсе күлкілі болып тұрған шығар деп ойлаймын – 3

6. Ауылдағы кең жайлауда қымыз ішіп жатқаныңызда ауа райы күрт бұзылып кетті. Ал сіздің көңіліңіздің ауа райы қандай болады?

А) «Қызғалдақтар қырға жасырынып, шылаушындар жер бетіне шықты» - 3

Ә) «Табиғат барлық кезде керемет қой» - 2

Б) «Жаңбыр жауып, бұршақ жауса да, жанымда достарымның болғаны абзал» - 1


7. Сізді бастаңғыға шақырды. Ережеге сәйкес қонақтар карнавалдық көйлек киіп келуі керек. Сіз қалай жасайсыз?

А) Шешім қабылдамас бұрын жақсылап ойланып аламын – 2

Ә) Шақырудан бас тартатын шығармын – 3

Б) Міндетті түрде келісемін – 1

8. Сіз сыйлық алуды жақсы көресіз бе?

А) Иә, әсіресе, өзгелерге сыйлағанды жақсы көремін - 2

Ә) Иә, алғанды көбірек ұнатамын – 3

Б) Менің өзім сыйлықпын ғой! – 1

9. Төмендегі айтылғанның қайсысы сізге жақынырақ?

А) «Күлкі адамдарды жақындата түседі» - 1

Ә) «Кіммен бірге көңіл көтергенімізді ұмытып қалуымыз мүмкін, бірақ бірге мұңайған адам мәңгілік есімізде қалады» - 3

Б) «Жылап, мұңайғанша, себепсіз күлген жақсы» - 2


10. Көңіл көтеретін кешке бару үшін жұмыстан бас тартасыз ба?

А) Солай жасайтын кезім болады – 1

Ә) Жұмысымның маңыздылығына байланысты – 2

Б) Олай жасауым мүмкін емес – 3

11. Қалай демалғанды ұнатасыз?

А) Жалғыздықта – 3

Ә) Жаныма жақын жандармен бірге – 2

Б) Көңілді достардың жанында – 1

12. Күнделікті достарыңызбен әзіл-қалжыңдармен алмасасыздар ма?

А) Иә, жиі – 1

Ә) Кейде – 2

Б) Әрине, жоқ – 3

Жауабы:

12-19 ұпай: Үнемі бақыттан басыңыз айналып, көңілді жүресіз. Әрбір тағатты қызықты сәтке толтыруды ұнатасыз.

20-28 ұпай: Шекспирдің «Көңілді жүрек ұзақ өмір сүреді» деген сөздерімен келісесіз. Біреу мазақтаса, оны қалжыңға айналдыруға дайынсыз. Бірақ шектен шықпауға тырысасыз. Көңілді адамдардың жанында жүргенді ұнатасыз. «Өзіне күле білген адамды ешкім күлкіге айналдыра алмайды» деген сіз туралы айтылған болар.

29-36 ұпай: Күлкі бар жерде ауруға уақыт жоқ. Өмірді жеңіл қабылдап үйренгеніңіз жөн. Күнделікті қуанып, көңіліңізді түсіретін дүниелерден аулақ болыңыз. Ал егер үлкен қиындыққа тап  болсаңыз, оған да жымиыңыз. Сол кезде барлығы да өз орнына оралады.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: forum.cofe.ru 

Қ. Бүйенбай