Осыған дейін төзімділік дәрежесі, уақыт үнемдеу, ренішке бейімділік жөнінде бірнеше тест жариялаған болатынбыз. Кезекті материалымыздың шарты мынадай. Суретке қарап, көзіңізге бірінші еленген бейнеге зер салыңыз. Реттік нөміріне сәйкес мәтіннен өзіңіз жөнінде мәлімет алыңыз.
1. Бейқам, ойнақы, мұңаймайтын адамсыз. Сіз үшін өмір – бостандық. Оның әр сәтінен ләззат алып қалуға тырысасыз. Соған орай, «Өмірге бір-ақ рет келеміз!» деген өмірлік ұран ұстанасыз. Жаңа нәрселерді байқап көруге әуессіз, әр сәттен жаңа сезім сезінгіңіз келеді. Бір нәрсені басқа жағдайға байланыстырып қоюдан артық жаман нәрсе жоқ. Өзіңізді қоршап тұрған шекараның барлығын зерттеумен өтесіз және кез келген тосын сыйды қуана қабылдайсыз.
2. Сіз тәуелсіз, ешкімге илікпейтін тура жансыз. Өз бағытыңыздан айнымайсыз және жолыңызға тосқауыл болатын ешбір факторды мойындамайсыз. Жұмыста не басқа жерлерде орнымен қолданатын әртістік қабілетіңіз бар. «Сән» шекарасына мүлдем бағынбайсыз. Тек өз үкіміңіз бен танымыңызға сай деп таныған ұғымды ғана қабылдайсыз.
3. Сіз өте сезімталсыз. Өз толғамыңыз бен сараптауыңызға тұрақсытыз. Келбетіңізді өзгертпейсіз. Беймаза адамдардың бос, мылжың әңгімесін естігенше, жалғыздықта болуды артық санайсыз. Бірақ шынайы достарыңызбен араласқанда өзіңізді сондай жайлы сезініп, үйлесім мен тыныштық сезімін бастан өткізесіз. Ал арадағы алшақтық сіз үшін маңызды емес. Өзгелерді жиі сағынбайтын адамсыз.
4. Тұрақты, сабырлы, байсалды адамсыз. Табиғилық пен қарапайымдылықты жоғары бағалайсыз. Адамдар сізге жанаса жүруді қалайды. Себебі сіз жер қозғалса да қозғалмайтын қаққан қазық секілдісіз. Сол себепті олар сізге сүйеніп, тұрақтылығын сақтағысы келеді. Жаныңызға жақын адамдар сіз барда өзін қорғанды, қауіпсіз сезінеді. Жылы жүректі, мейірбан адам ретінде таниды. Ішкі жан дүниеңізге үңілген жан тәкаппар да, дөрекі де емес екеніңізді біледі. Сәнге бағынбай, жеке стиль ұстану керек деп ұғасыз.
Жалғасы