Тест: Сіз қандай адамсыз? - 2

Суреттегі алты тастың бірін таңдаңыз. Таңдау кезінде сүйікті түсіңізді емес, бірден көзіңізге түскеніне назар аударыңыз.

Басы

4 – Обсидиан (қызыл ағаш)

Бұл тасты таңдаған адамның бейсанасы «Айналамдағы негативтен арылып, бақытты адам болуға дайынмын» деп тұншығуда. Арман аспанынан жерге түсіп, қолда барды бағалап, риза болуға тырысасыз.

Қызғаныш, мұң, реніш адамды жегідей жеп, кедей ететінін ұмытпаңыз. Негативті ойлар сананы улайды. Алайда сіздің энергетикалық блоктарыңыз тез жойылады. Жақын арада негативтен арылып, бақытқа кенелуге күш-қуат табасыз. Бақытты адамның барын бағалап, жоғын жоқтамайтын тамаша қасиеті бар екенін түсінесіз.

5 – Говлит

Егер сізге бесінші тас ұнаса, демек жақын арада түсіңізде белгілі бір ойлар, сандар ретінде аян көресіз. Қазір ішкі дауысыңыз бағыттаған жолмен жүріп келесіз. Бұл дұрыс. Сондықтан «интуицияның» барын мойындап, оны тыңдай білуді үйреніңіз. Ол табысқа жету жолын жеңілдетеді.

Егер ұйқысыздықпен ауырсаңыз, демек күні бұрын сезу қасиетіңізді жоққа шығарасыз. Әйгілі «алтыншы сезімнің» барын мойындап, құлақ түруге тырысыңыз. Сонда көптеген қате шешімнің алдын аласыз. Говлит рухани жетекшіңіз бар екендігінің белгісі. Сонымен бірге говлит бала күтіп жүрген адамдарға жақын арада жақсы жаңалық келуінің хабаршысы.

6 – Далматин Джаспер

Қазір өмірді қызықты оқиғалар мен ойын-күлкіге толтырар кезең. Егер сіз осы кристалды таңдасаңыз, демек ішкі дауысыңыз «мен ойнап, күлгім келеді!» деп дауыстауда. Демек ұзақ уақыт бойы сіз мұңайып, қапаланып, уайымдаумен болдыңыз.

Далматин Джаспер әр адамның рухани жаратылыс екенін еске салады. Өмірді қуанышқа толтырып, қызықты етуге тырысу керек екенін жар етеді. Тіпті ең ауыр деген мәселенің шешімі бар екенін еске түсіреді.

Сіз қай тасты таңдадыңыз? Бұл мақаланы өз парақшаңда бөлісіп, достарыңызға таныстырыңыз!