Бұл өмірде сыни пікірді айтып және тыңдап көрмеген адам жоқ шығар. Бақылағыштық қасиетіміздің арқасында айналамызға зер салып, кез келген құбылысқа немесе адамға қатысты ойымызды жеткіземіз. Ал өзіміз сынды қаншалықты дұрыс қабылдаймыз? Оның әділі қайсы екенін ажырата аламыз ба? Білмеген болсаңыз, бұл сұрақтардың жауабын кезекті тестіміздің көмегімен анықтаңыз.
1. Бастығыңыз сізге кез келген істі қатесіз орындауға болатынын айтты. Соңғы кездері жұмысқа байланысты көп қате жіберіп жүргеніңізді өзіңіз де білесіз. Сіз жоғарыдағы пікірді қалай қабылдайсыз?
А) Оның көңілді жүретін кезі аз болатындықтан, бұған назар аудармаймын
Ә) Дәл қазір көңіл-күйі болмай тұрғанын есепке алып, мән бермеймін
Б) Менде қандай шаруасы бар деп ашуланамын
2. Досыңыз асханада отырған кезде тәттіні көп жейтініңізді айтты. Сіз:
А) Мен жақында жаттығу залына жазылдым
Ә) Менің семіріп кеткендігімді айтқыңыз келіп тұр ма?
Б) Қаласаңыз, сізбен бөлісейін
3. Бастығыңыз жыл қорытындысын баяндап жатып, сіздің жақсы жұмыс істегендігіңізді, бірақ бұдан да нәтижелі жұмыс орындай алатындығыңызды айтты. Іштей қандай пікірде боласыз:
А) Мен нағыз маман емеспін
Ә) Бастысы өзім қалаған нәтижеге жеттім. Ол кісі не айтып тұр?
Б) Оған не істесең де, жақпайсың. Бірақ бастықтардың барлығы да бірдей ғой...
4. Сіз күні бойы асханада жүріп, мейрамға арналған кешкі ас дайындадыңыз. Отбасы мүшелері тамағыңыздың дәмсіз екендігін айтты. Сіз:
А) Сендер қателесесіңдер, барлығы да дәмді болды
Ә) Жақсы, келесі жолы маған көмектесетін боласыңдар
Б) Отыра қалып жылаймын
5. Сіз фильмнен алған әсеріңіз туралы айтып жатырсыз. Сізге ұнаса да, жаныңыздағы серігіңізге мүлдем ұнамаған екен.
А) Бар болғаны ол фантастиканы жақсы көрмейді
Ә) Бұл фильм жайында енді әңгімелеспейтін боламыз
Б) Оған бұл фильмнің ұнамайтынын басында білген едім
6. Сүйіктіңіз көлікті дұрыс жүргізе алмайтындығыңызды жарты сағат бойы айтып келеді. Сіз:
А) Өзінде жүргізу куәлігі жоқ болғандықтан, маған бұлай айтуы орынсыз
Ә) Бір жаққа баруға ұсыныс жасаған өзі екендігін айтамын
Б) Жылап аламын
Төмендегі кестені пайдаланып, ұпайыңызды есептеңіз:
1
2
3
4
5
6
А
1
1
3
1
2
2
Ә
2
3
2
2
3
1
Б
3
2
1
3
1
3
18-14 ұпай: Сіз барлық сынды жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Өте сезімталсыз. Пікірді әркім әр түрлі мақсатта айтатындығын ұмытпаңыз. Біреулері сіздің түзелгеніңізді қаласа, екіншілері көңіліңізге тиетіндей сөз айтқысы келеді. Сондықтан аздап қалжыңдасуды үйреніп алыңыз.
13-9 ұпай: Сіз барлығына бірдей ұнай беруге болмайтынын жақсы білесіз. Өмірді шынайы қалпында қабылдайсыз. Сыни пікірді дұрыс қабылдап, өзіңізді түзетуге тырысасыз. Ең басты табысқа жетуге көмектесетін пікірлерді назардан тыс қалдырмайсыз. Осы мінезіңізді мәңгілік сақтауға тырысыңыз.
8-4 ұпай: Сізге кімнің не айтатыны маңызды емес. Оларға, тіпті, құлақ салмайсыз. Бірақ анда-санда тыңдап, өзіңізге пайдалысын жадыңызда сақтап қалғаныңыз жөн. Әділ айтылған сындарды тыңдап, оларға сай түзеліңіз. Сізге сәттілік!
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: liveinternet.ru