- Негізгі бет
- Психология
- Тест: суреттен кімді...
Тест: суреттен кімді көргеніңізді айтыңыз, ал біз сіздің нешеде екеніңізді айтамыз
Бұл сурет алғаш рет 1888 жылы неміс пошта маркасында пайда болды. Мұқият тұрғындар суреттің өзгеретінін байқаған: одан қыз немесе егде жастағы әйелді көруге болады.
20 жылдан кейін америкалық карикатурашы Уильям Эли Хилл бұл суретті әзіл-оспақ журналына арнайы қайта салып, оны мысқылмен - "Менің әйелім және енем" деп атаған.
Бұл оптикалық иллюзияның танымалдылығы ғалымдарды да қызықтырды. Олар суретті ми жасына қарай түсінетінін байқаған.
Тексергіңіз келсе, суретке 30 секунд бойы қарап, кімді көргеніңізді айтыңыз.
Оң жақ иығына басып бұрып тұрған жас қызды көрсеңіз, сіз 40 жастан аспаған болуыңыз мүмкін
Австралия ғалымдары бұл оптикалық иллюзиядан жас қызды өзі жас адам көретінін дәлелдеген. Басқаның жасын біз өзімізге қарай "бағалаймыз", түпсаналы деңгейде ми сәйкес суретті санайды. Сондықтан сіз 40 жастан аспаған болуыңыз мүмкін немесе сіздің миыңыз "жастық" режимінде жұмыс істейді. Яғни, оған қартаюдың табиғи процестері әзір әсер ете қоймаған.
Иегі шығыңқы кемпірді көрсеңіз, сіз 40 жастан асқан болуыңыз мүмкін
Суреттен бүкірейген егде жастағы әйелді орта немесе үлкен жастағы адамдар көреді. Әрине, қате кетуі де мүмкін. Мысалы, егер адам қатты шаршап тұрса немесе ауырып жүрсе де, үлкен кісіні көруі мүмкін.
Бұл Австралия ғалымдарымен дәлелденген. Бірақ адамның психологиялық жасын оның суретті қабылдауына қарап қана бағалауға болмайды.
А. Жапатова