"Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Ақылың мен Еңбегің екі жақтап" деген Ұлы Абайдың нақылға айналған өлең шумағын жаттап өскен біз ең бірінші өзімізге сенім артамыз. Алайда адамның өзіне-өзі көңілі толмайтын сәттері де болады. Төмендегі тестінің көмегімен өзіңізге деген сеніміңіз қандай деңгейде екенін біле аласыз.
1. Қайта туып, өмірді қайтадан бастауды армандайсыз ба?
Иә – 4; жоқ – 16.
2. Сүйіп айналысатын ісіңіз бар ма?
Иә – 18; жоқ – 5.
3. Жұмысыңыздың қисыны, реті келмесе, өзіңізге-өзіңіз: «мұндай жағдай тек менде ғана емес» деп айта аласыз ба?
Иә – 6; жоқ – 2.
4. Егер сізге біреу қызғанышпен қарайтын болса, қуанасыз ба?
Иә – 16; жоқ – 2.
5. Біреу сізді жағымсыз, құйтырқы адам десе, мәртебеңізге нұқсан келіп, ұнжырғаңыз түсер ме еді?
Иә – 3; жоқ – 12.
6. Егер өзіңізде болған жайсыздық, басқа бір танысыңызда да болса өз-өзіңізді жұбатар ма едіңіз?
Иә – 18; жоқ – 5.
7. Айтулы іс сіз араласпасаңыз да тым жақсы өтіп жатса, толғанып, күйіп-пісер ме едіңіз?
Иә – 2; жоқ – 16.
8. Лотореяны көп ақша ұтып алу ниетімен ойнайсыз ба?
Иә – 4; жоқ – 20.
9. Егер туыстарыңыз не достарыңыз қымбат сыйлықты сізге деп алып қойғанын білсеңіз, тамырыңыздың соғуы жиілеп кете ме?
Иә – 16, жоқ – 3.
Енді жиналған ұпай санын есептеңіз.
120-дан астам: Өзіңізге өте ризасыз. Бірақ, шын мәнінде, сізде өзіңізге деген сыни көзқарас жетіңкіремейді, бойыңызда өзіңізді-өзіңіз бағалай алатындай қабілет шамалы.
60-тан 120-ға дейін: Сіз өзіңізге-өзіңіз жеткілікті деңгейде сенесіз және тәкаппарлықтан адасыз.
60 ұпай болса: Бейтаныс адамдар отырған бөлмеге, бастыққа жеке басыңызға қатысты өтінішпен кірген кезде райыңыздан қайтып қалуыңыз мүмкін. Егер солай болса, мына жағдай өзіңізге таныс болар. Сіз жұмыс ауыстыруға қорқасыз, қонаққа барғанда ешкім елемйтін орынға отырғанды қалайсыз, даусыңызды шығарып сөз айтуға жоқсыз. Сиқыршыны күтпеңіз, ол өзіңізге деген сенімді күшейте алмайды. Бағыңызды ашу үшін тек өзіңіз ғана тер төгіп, батыл әрекет етуге кірісіңіз.