Тест. Өзгерістерге дайынсыз ба?

Тест. Өзгерістерге дайынсыз ба?
Фото: amur.kz

Өмір бір орында тұрмайды. Белгілі бір уақыттан кейін сіз сүйіп тыңдаған ән, сіз киген киім сәннен шығады, өзіңіздің де талғамыңызға сай келмейді. Талғам, мақсат, адамдар уақыт өзгерген сайын өзгереді. Ал сіз өзгеріске дайынсыз ба? Тәуекелге қалай қарайсыз? Мұның жауабын мына тесттің қорытындысы бойынша біле аласыз.

1. Алдағы демалысыңызды қалай өткізбексіз?

А. Мен тіпті бүгін кешке не істейтінімді білмеймін. Уақыт көрсетер.
Ә. Қызықты кино жүктеп, дәмді тамақ пісіремін. Жылы көрпеге оранып, пісірген тамағымды жеп, киномды көремін.
Б. Құрбыларымен кездесіп, мейрамханаға не қонаққа баратын болармын.
В. Парашюттен секірсем бе деп едім.

2. Басқа қалаға көшіп келдіңіз делік. Жаңа мекенге тез үйреніп кетемін деп ойлайсыз ба?

А. Жаңа орта, жаңа пәтер. Жаңа деген ұғымға оңай сіңісе бермеймін.
Ә. Үйренудің не қажеті бар?!  Жаңа мекен маған үйренсін!
Б. Өмірімнің бірқалыпты өткенін жек көремін. Өзгеріс керек қой.
В. Менің жаңа ортаға сіңісіп кетуім үшін бірнеше ай керек.

3. Досыңыз экстремалды спорт түрімен айналысуға шақырды. Не істер едіңіз?

А. Мен шықпаған тау бар ма? Әрине, «иә» деймін.
Ә. Жоқ. Сериалымды өткізіп аламын.
Б. Жалпы, келісер едім. Тек келесі аптада барып қалармын.
В. Қай жерге? Басқа да адамдар бола ма? Білмеймін, жарайды, маған бірдеңе болса, ол жауап беретін болады.

4. Сіздің әр күніңіз бір-біріне қатты ұқсайды. Жалығып та жүрсіз. Сіздің әрекетіңіз:

А. Осы демалыста міндетті түрде бір кешке бару керек
Ә. Өзгеріс керек болса, жасай саламын. Сұлулық салонына барып, шаш үлгімді өзгертемін.
Б. Жоқ, маған бұл өмірім ұнайды. Әр күнім – ерекше.
В. Үйде отырып, өмірімді қалай өзгертсем болады деп ойланатын болармын.

5. Өткенді еске алғанда, қандай әсерде боласыз?

А. Қайтып оралмайтын сәттер болады. Сол сәттерге оралғым-ақ келеді.
Ә. Бақытты өткенімде керемет шақтар мен адамдарды кезіктіргеніме қуанамын.
Б. Айтарлықтай әсер алмайды екенмін. Өткенді көп еске ала бермеймін.
В. Уақыт тез сырғып жатыр, көп дүние жасап үлгеру керек екендігін түсінемін.

6. Оқытушы қабырға газетін жасауды сізге тапсырды делік. Сіз...

А. Амал жоқ, жасау керек. Келіспеймін десем де, ол жасатпай қоймайды.
Ә. Басқа біреуге тапсырауға тырысамын.
Б. Қабырға газетін жасау мен үшін қиын іс емес.
В. Бұл мен үшін үлкен жетістік. Өзімді суретшілік бағытта сынап көретін болдым.

7. Қазіргі өміріңізге ризасыз ба?

А. Толық бақытты болу үшін маған бірнәрсе жетіспейді. Бірақ, не нәрсе екенін білмеймін.
Ә. Ия. Алатаудың шыңына шығып, Каспийдің толқынын көру керек еді. Босқа өткен күндер...
Б. Білмейді екенмін. Риза секілдімін.
В. Мен риза не риза еместігімді білу былай тұрсын, әлі өз-өзімді таппадым.

8. 5-10 жылдан кейін өзіңізді қалай елестесіз?

А. Табиғат қорғаушысы ретінде елестетемін, 2-3 шет тілінде еркін сөйлейтін боламын, әлем елдеріне саяхат жасаймын және де би түрлерін меңгеріп жүремін.
Ә. Өз ісім бойынша жалақысы жоғары, кәсіби маман болып отырамын.
Б. Жұмысым, отбасым, достарым – жанымда. Мен осылай елестетемін.
В. Болашағымды елестетіп көрмеппін.

9. Сіздің алдыңызда – үлкен үңгір. Оның ішінде барлық арман-ниетіңізді орындайтын сиқырлы тас жатыр екен. Сіздің әрекетіңіз...

А. Керемет! Менің армандарымды орындауға оның қауқары жетпейтін сияқты.
Ә. Қолшамды алып, ішіне кіруім керек!
Б. Мен қараңғыдан қорқамын. Оған қоса, жердегі тастың менің армандарымда не шаруасы бар. Сенбеймін.
В. Мен жалғыз кіруге қорқамын. Ойлану керек.

10. Жазғы демалысыңызды қалай өткізгіңіз келеді?

А. Жағалауда, құм үстінде жатып, теңізден рахаттансам...
Ә. Ұйықтаймын.
Б. Тауға кетемін.
В. Достарыммен бірге ауылға барып демаламын.

11. Сіз бір отырысқа тап болдыңыз, бірақ ешкімді танымайсыз. Сіз...

А. Адамдармен танысып, көңіл көтеремін.
Ә. Бір бұрышта отырып, адамдарға қарап аламын.
Б. Отырысты ұйымдастырған адамды тауып, мені адамдармен таныстыруын сұраймын.
В. Мұндай отырыстар болмайды, яғни мені бәрі таниды.

12. Алдыңызға ірі мақсат қоясыз ба?

А. Ия, кейін оған жетуге болатын міндеттерді қарастырып, шамам келгенше тырысамын.
Ә. Ия, бірақ уақыт өте мақсатым өзгере түседі.
Б. Алдын ала ештеңе болжағым келмейді.
В. Не қалайтынымды өзім білмеймін.

13. Сіз шетелге саяхатқа жолдама ұтып алдыңыз.

А. Одан да смартфон ұтып алғаным жақсы еді. Жалғыз өзім қалай барамын?
Ә. Саяхаттайтын ел туралы толық мағлұмат жинауым керек. Мүмкіндік жібермес үшін барамын.
Б. Керемет! Шабаданымды тез жинау керек!
В. Ата-анам қарсы болмаса...

14. Сүйіктіңізге сіздің жаман әдетіңіз ұнамайды, мысалы, көз жыпылықтату, тырнақ тістеу деген секілді. Ғашығыңыз үшін доғарар ма едіңіз?

А. Әлеуметтік желіден шық десе, келіспеймін.
Ә. Иә, егер менің әдетім шынымен жаман болса.
Б. Әрине, бұл қылықтарым үшін өзім де ұяламын.
В. Мені осы қалпыммен қабылдасын.

15. Сәнді киінемін деп ойлайсыз ба?

А. Иә, менің гардеробымда әр маусымға арналған киімдер бар.
Ә. Мен өз стиліммен жүргенді ұнатамын.
Б. Өзіме ыңғайлы киім кигенді ұнатамын.
В. Сәндегі киімдер көңілімнен шықса, киемін.

16. Ғашығыңыз экзотикалық асханаға кездесуге шақырды. Ол жерде карамель қосылған кактус,  қуырылған жәндіктер секілді тағамдар бар. Сіздің реакцияңыз...

А. Мүмкін біз білетін асханаға барармыз?!
Ә. Барамын, өйткені сол тағамдарды бұрыннан аңсап жүр ем.
Б. Оның таңдауын сыйлап барар едім, бірақ тек өзі ғана жесін.
В. Анамның дайындағанына ештеңе жетпейді.

17. Ата-анаңыз үйге жөндеу жұмыстарын жасағалы жатыр. Ал сіздің бөлмеңізде бұрыннан желімдеп келген постерлер әлі тұр. Сүйікті әншіңіз қолтаңба қойып берген суреті де сақталған. Сол дүниелер қоқыс жәшігіне кету қаупі бар...

А. Жарайды, жаңа нәрселер жабыстырармын.
Ә. Бөлмемнің жаңа дизайнынын ойластыра бастаймын.
Б. Өкінішті, әрине. Оларға қарсы шыға алмаймын.
В. Бөлмеме аттап басқызбаймын!

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

А

2

0

3

1

0

1

0

2

3

3

1

2

0

1

3

1

2

Ә

0

3

0

2

3

0

1

3

2

2

0

0

2

2

0

3

3

Б

1

2

1

3

1

2

3

0

1

0

3

2

3

3

1

2

2

В

3

1

2

0

2

3

2

1

0

1

2

3

1

0

2

0

0

0 мен 12-нің арасы
Сіздің өміріңіз бір ағыспен баяу өтетін тәрізді көрінеді. Шынында да солай. Бүгінгі күніңіз кешегі күнге ұқсайды. Бірақ біраз уақыттан кейін өміріңізде жаңа адамдар пайда болады. Не себептен біраз уақыттан кейін? Себебі, оларды өз алаңыңызға кіргізуге асықпайсыз. Өткен шақтағы қателіктерге өкінуден ештеңе шықпайды. Сән үлгіңізді бір рет өзгертіп көріңіз. Қазіргі трендтегі жаңа көйлек сатып алыңыз. Бірақ оны сақтап отырудың да қажеті жоқ. Шешім шығару кезінде ұзақ ойланбаңыз. Болатын іс болады. Өміріңізде жасап көрмеген істі жасаңыз. Өмірде талай қызық барын ұмытпаңыз!

13 пен 25-тің аралығы
Сіздің жаман әдеттеріңіз – күнделікті орындалып тұруы керек заңдылық секілді. Өмір сүру қағидаңызға өзгеріс енгіземін деген адам қара тізімге ілініп қалуы мүмкін. Бірақ оған бір мүмкіндік беріп көріңіз. Егер ғашығыңызды шын көңілмен құлай сүйсеңіз, ол қаламайтын жаман әдеттерден арыла аласыз.Сіз өміріңізде бір өзгерістің болғанын қалайсыз. Бірақ, сіздің тараптан жауап жоқ. Ұйықтар алдында «мынау олай болмағанда ғой», «егер мен былай жауап бергенімде» деген ойлармен күресіп жатасыз. Бірақ, істің адамы бола білген дұрысырақ.

26 мен 38-дің арасы
Өткеннен сабақ ала білесіз. Өзіңізге тек жақсылық әкелетін істер жасайсыз және бұл өте жақсы қабілет. Әр қиындықтың артында бір жақсылықтың болатынын жақсы білесіз. Сол үшін де тәуекелге бара аласыз. Уақыт өткен сайын стиліңіз, мәнеріңіз, мінезіңіз, шаш үлгіңіз, хоббиіңіз де өзгеріп отырады. Мұның бәрі үйренуге үлкен себеп болмақ. Бір орында тұру – сізге жат. Ағысқа қарсы жүзгенді қалайсыз, бұл – дұрыс таңдау. Қысқасын айтқанда, өзгеріске дайынсыз.

39 бен 51-дің аралығы
Сіздің күнделігіңіз «жасау керек», «бару керек», «сатып алу керек» деген сөздермен толыққан. Көбелек жинау, шыңға шығу, әртістік шеберлікті дамыту деген секілді шығармашылық қабілеттерді жинағыңыз келеді және бұл сіздің қолыңызда. Өз бағытыңызды тез өзгерте аласыз. Керек десе, оқып жатқан мамандығыңызды өз таңдауыңызбен тез ауыстыра аласыз. Яғни, өзгеріске жақынсыз. Қолға алған істі соңына дейін тындырмайсыз, сол себепті нәтижесіз болады. Себебі, сізге нәтиже емес, оның орындалып жатқан сәті маңыздырақ, егер көңілден шықпаса, тастай саласыз. Ортаңызды қуанышқа бөлеп жүргенмен, ішкі дауысқа құлақ сала бермейсіз.

Г. Берік