Тест: Оптимиссіз бе?

Бір күні бөлмеңізге терезеден көгілдір құс ұшып кіріп, торға түсіп қалады. Адасқан құстың бір қасиеті сізді елітіп әкетеді, оны асырап алғыңыз келеді. Тағы бір қызығы, ол құс келесі күні түсін сарыға өзгертеді. Осылайша бұл таңғажайып құс әр күн сайын жаңа түске боялады: үшінші күні – қызыл, төртінші күні – қап-қара. Бесінші күні сіз оянған кезде құстың қауырсындары қандай түске боялады деп ойлайсыз? Немесе боялғанын қалайсыз?

1. Құс түсін өзгертпей сол күйінде қалады.

2. Ол бастапқыдағыдай көгілдір түске боялады.

3. Ол ақ түске боялады.

4. Құс алтын түске боялады.

Жауабы:

Сіздің бөлмеңізге ұшып келген құс бастапқыда бақыт пен табыстың символы болып көрінгенімен, күтпеген жерден түсін өзгертеді. Осыдан кейін бойыңызда бұл қуаныш сезімі ұзаққа созылмай ма деген қорқыныш пен күдік пайда болады. Ал сіздің таңдаған жауабыңыз алдыңызда кездескен қиындық пен жайсыз оқиғаларға қандай жауап қайтаратыныңызды көрсетеді.

1. Құс сол күйі қара болып қала береді дегендер өмірге пессимистік көзқараспен қарайды. Сіз жаңбырдан кейін кемпірқосақтың шығатынына сенбейсіз. Мүмкін сізге барлығы осыншалықты жаман көрінген болса, одан артық қандай жамандық болады деп ойлаған дұрыс шығар. Есіңізде болсын, бітпейтін жауын-шашын немесе таңды атырмайтын түн жоқ.

2. Ал құс бастапқы қалпына келіп, қайтадан көгілдір түске боялады дегендер өмірге оптимистік көзқараспен қарайды. Сіз өмірдің жақсы мен жаманнан құралып, екеуінің қатар жүретініне сенесіз. Шындықты қалай бар, дәл солай қабылдайсыз. Өмірдің кедергілерін сабырмен қабылдап, күйзеліске бой алдырмайсыз. Осы қасиетіңіздің арқасында өмір арнасында адаспай, қашан да сергек ойлай аласыз.

3. Ал құс қауырсындары ақ түске өзгереді дегендер қиын-қыстау кезеңде сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдайды. Дүниенің астан-кестені шығып жатса да, уайым мен қайғыға уақыт жұмсамайсыз. Қателескеніңізді біле салысымен, оны түзеуге асығасыз.

4. Ал құс алтын түске боялады деп жауап бергендерді еш нәрседен қорықпайды деп айта аламыз. Сіз нағыз қиындықтың дәмін татып көргенсіз. Сол қиындықтардың арқасында әрдайым сабақ алып, жігеріңізді қайрайсыз.