Тест: Ол мені сүйе ме?

Жартыңыз сізді сүйе ме, жоқ па? Осыны мына бір қарапайым тест арқылы анықтап көрейік. Тест қыздарға да, жігіттерге де арналған. 

Бірінші жауапты таңдасаңыз, өзіңізге 1 ұпай, ал екінші жауапты таңдасаңыз, 0 деген ұпай қойып отырыңыз. 

Ол "Мен сені сүйемін" деп айта ма?

Аптасына бір рет болса да айтады.  "Мен сені сүйемін" деп айту, айтпаудың еш айырмашылығы жоқ сияқты. 

Оның өмірінде қандай орын аласыз?

Оның өмірінде алдыңғы 3 орынның бірін аламын. Оның өміріндегі орным сәт сайын өзгереді. 

Ол өзінің достарына (Құрбыларына) сіз туралы айта ма?

Достарының (Құрбыларының) бәрін танимын, отырыстарға бірге барамыз.  Достарымен (Құрбыларымен) таныстырудың ыңғайы шықпай қойды, соған қарағанда менен бір нәрсе жасыратын сияқты.

Ол сіздің жағдайыңызды жиі ойлай ма?

Ол маған барынша қамқорлық танытады.  Ол алдымен өзінің жағдайын ойлап алсын.

Ол сізді құрметтей ме?

Сыйлайды. Сенімдімін.  Кейде қатты дөрекі болып кетеді. 

Достарыңызға (Құрбыларыңызға) ол ұнай ма?

Достарым (Құрбыларым) да ол туралы жақсы пікірде.  Достарымның (Құрбыларымның) пікірі маңызды емес, өзіме ұнаса болды. 

Ол сіздің көзіңізге қарағанда не сезесіз?

Маған махаббатпен қарайды. Ештеңе сезбеймін.

Санайық:

7 – Сіз оның арманындағы адамсыз. 

5-6 – Ол сізді сүйеді. 

3-4 – Сүйетініне күмәндіміз.

1-2 – Одан аулақ жүруге тырысыңыз, ол сізді сүймейді. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: mail.ru