- Негізгі бет
- Психология
- Тест: Ол мені...
Тест: Ол мені сүйе ме?
Жартыңыз сізді сүйе ме, жоқ па? Осыны мына бір қарапайым тест арқылы анықтап көрейік. Тест қыздарға да, жігіттерге де арналған.
Бірінші жауапты таңдасаңыз, өзіңізге 1 ұпай, ал екінші жауапты таңдасаңыз, 0 деген ұпай қойып отырыңыз.
Ол "Мен сені сүйемін" деп айта ма?
- Аптасына бір рет болса да айтады.
- "Мен сені сүйемін" деп айту, айтпаудың еш айырмашылығы жоқ сияқты.
Оның өмірінде қандай орын аласыз?
- Оның өмірінде алдыңғы 3 орынның бірін аламын.
- Оның өміріндегі орным сәт сайын өзгереді.
Ол өзінің достарына (Құрбыларына) сіз туралы айта ма?
- Достарының (Құрбыларының) бәрін танимын, отырыстарға бірге барамыз.
- Достарымен (Құрбыларымен) таныстырудың ыңғайы шықпай қойды, соған қарағанда менен бір нәрсе жасыратын сияқты.
Ол сіздің жағдайыңызды жиі ойлай ма?
- Ол маған барынша қамқорлық танытады.
- Ол алдымен өзінің жағдайын ойлап алсын.
Ол сізді құрметтей ме?
- Сыйлайды. Сенімдімін.
- Кейде қатты дөрекі болып кетеді.
Достарыңызға (Құрбыларыңызға) ол ұнай ма?
- Достарым (Құрбыларым) да ол туралы жақсы пікірде.
- Достарымның (Құрбыларымның) пікірі маңызды емес, өзіме ұнаса болды.
Ол сіздің көзіңізге қарағанда не сезесіз?
- Маған махаббатпен қарайды.
- Ештеңе сезбеймін.
Санайық:
7 – Сіз оның арманындағы адамсыз.
5-6 – Ол сізді сүйеді.
3-4 – Сүйетініне күмәндіміз.
1-2 – Одан аулақ жүруге тырысыңыз, ол сізді сүймейді.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: mail.ru
М. Оңғарова