Қолға қағаз бен қалам алып, ағаштың суретін саламыз. Әдемі сурет сала алмаймын деп әуре болмаңыз, ағаш суреті бізге тек сіздің мінезіңізді анықтау үшін ғана керек. Салған суретіңізді төмендегі суреттермен салыстырып көріңіз, қайсысы көбірек ұқсайды соған сәйкес жауапты оқыңыз.
1. Сізге жан-жақтылық, тез әсерлену белгілері тән. Көңілсіз, арманшылсыз. Сіздің қатты энтузиазмыңыз кейде өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдырады. Сол себепті әрекет етпес бұрын алдымен ойланып алыңыз.
2. Өте сезімтал адамсыз, сіз әрдайым жүрегіңіздің әмірімен әрекет етесіз. Өз мәселелеріңізді өзіңіз шешкіңіз келеді. Сондықтанда ылғи өз-өзіңізді бақытсыз сезініп, алаңдап жүресіз. Таңдау мәселесінде ақылға жүгініңіз.
3. Сіз адамгершілік мәселесіне қатты мән бересіз, атаққұмарсыз. Бірақ бұл жаман емес. Өйткені үлкен мақсаттарды көздеп отырасыз. Жетістіктерге жету үшін айналаңызға зиян келтіргіңіз келмейді.
4. Сіз салмақты, байсалды адамсыз. Сол себепті шешім қабылдарда әділ болғыңыз келеді. Идеяңызды сөзбен жеткізер кезде өз ойыңызға сенімді болыңыз.
5. Өз-өзіне сенімсіз, елге сенгіш адам болып көрінесіз. Сіз басқалардан қолдау күтесіз. Бірақ мұны білдірткіңіз келмейді. Сол үшін айналаңызға басқалармен шаруасы жоқ адам болып көрінуге тырысасыз. Жақын жолдастарыңызға сене біліңіз.
6. Сіз өмірді сүйесіз. Сіздің іс-әрекетіңізді алдын-ала жоспарлау мүмкін емес. Ойыңызға не келсе соны айтасыз. Бұл мінездің өзіңізге ұқсамайтын жұмбақ, әсершіл адамдар арасында өзіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдыратынын ескеріңіз. Сондықтан да тәртіпке бағынып, өз сөзіңізге мән беріңіз.
7. Сіз кемелденген тұлғасыз. Жас болғаныңызбен өте тәртіпті, жауапты, өз-өзіне және айналасындағыларға сынмен қарайтын адамсыз. Жолдастарыңыз бен туысқандарыңыз сізге еліктемейді. Бірақ бұл сіздің өз-өзіңізге деген сенімділігіңізге сызат түсірмейді.
8. Сізге керектінің бәрі жаныңызда. Адамдармен қарым-қатынас құра білесіз, оларға қолдау да көрсетесіз. Сіз үшін өмір дегеніңіз мәңгілік көктем. Қарапайым болғыңыз келеді және басқалар сіздің өміріңізге араласқанын қаламайсыз. Өзіңіздің нәзік қалпыңызды сақтай біліңіз. Байсалды және сенімді әрекет етіңіз. «Жоқ» деп айтуға дағдыланыңыз.
9. Сіз бейбітшіл және табанды адамсыз. Сіздің өз жолыңыз бар. Жан-жағыңызға сыр шашқанды ұнатпайсыз. Мақсатыңызға тіке тартасыз. Сіз туралы жаныңыздағылар эгоист, адамдарға билік жүргізуге, таптап өтуге құмар деп ойлайды. Сондықтанда шамалы болсада жұмсаруға тырысыңыз.
10. Сіз үшін ең бастысы – бақытты ошақ. Үнемі махаббатыңызды көрсетіп отыруды қалайсыз және оның қайтарымына өзіңізге де дәл солай махаббатпен қараудан басқа ештеңе күтпейсіз. Соншалықты тәуелді болмауға тырысыңыз. Өз қанатыңызбен ұшуды үйреніңіз.