Тест: "Махаббат сезімін қалай түсінесіз?"

"Сайып келгенде, әр адам өз махаббатының бағбаны. Солып қалмауы үшін қай гүлге қашан су құю керектігін білетін бағбан тәрізді адам өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тынбастан жағдай жасап тұруы тиіс" деп Әзілхан ағамыз айтқандай, махаббатты бағалау, құдіреттілігін мойындау өз қолымызда. Бірақ оны жоққа шығаратын жандар да жоқ емес. Ал сіз ше? Бұл сұрақтың жауабын білмесеңіз, тестіміздің көмегіне жүгініңіз.

1. Өзіңізге мінезі сай келеді деген жануарды таңдаңыз:

А) Тау мен тасты кезіп жүретін қар барысы

Ә) Ешнәрседен қорықпайтын, бостандықты сүйетін қырағы бүркіт

Б) Үй иесіне еркелегенді жақсы көретін мысық

2. Бәсекеде өзіңізді жеңіліп қалдым деп елестетіңіз. Осыған орай ең қымбат деген затыңызбен айырылысуыңызға тура келіп тұр. Бұған дайынсыз ба?

А) Жоқ, эмоцияға берілген кезде кім де болсын уәде бере салуы мүмкін

Ә) Маған қиын болса да, мұны жасауыма тура келеді

Б) Өзім орындай алмайтын уәдені еш уақытта бермеймін

3. Досыңыздың сүйіктісі ұнап қалды. Оны өзіңізге қаратып алуға тырысасыз ба?

А) Әрине, менің бұл әрекетім шытырман оқиғаға толы романға ұқсап кетер еді

Ә) Арамызда шын мәнінде махаббат болса, күресер едім

Б) Бұл – сатқындық пен пасықтық

4. Біреудің өзіңізге ғашық екенін қалай білесіз?

А) Менің өміріме деген ерекше қызығушылығынан

Ә) Өзіме бағытталған қошемет сөздердің көптігінен

Б) Мұндайды қалайша байқамауға болады!

5. Сезіміңізді қалай көрсетер едіңіз?

А) Бір-біріміздің есіміміз жазылған алқа тағу арқылы

Ә) Сүйіктім үшін имиджімді өзгертер едім

Б) Ол үшін көптен бері арыла алмай жүрген жаман әдеттерімнен бас тартуға дайынмын

6. Жан жағыңызда адамдар тұрғанына қарамастан, сүйіктіңізді құшақтауға әзірсіз бе?

А) Жоқ, бізді сынайтын жандар көп

Ә) Әрине, маған ешкімнің пікірі маңызды емес

Б) Үнемі деп айта алмаймын, себебі адамдардың назарында болған кезде өзімді жайсыз сезінемін

7. Сүйіктіңізбен қанша уақыт жүрген соң үйленгіңіз келеді?

А) 3  ай жеткілікті деп ойлаймын

Ә) 5 жыл

Б) Мәселе уақытта емес

8. Жағымды даусы бар бейтаныс біреу романтикалық  кездесуге шақырды. Сіз не істейсіз?

А) Осындай құпияларды жақсы көретін ем, міндетті түрде барамын

Ә) Мұндайды мүлдем ұнатпаймын

Б) Мұны қалжың деп қана қабылдаймын

Жинаған ұпай сандарын есептеңіз:

 

1

2

3

4

5

6

7

8

А

2

3

3

2

2

1

3

3

Ә

3

1

2

3

1

3

1

1

Б

1

2

1

1

3

2

2

2

 

8-12 ұпай: Мұқағали ақынның «Мен нағыз махаббатты армандаймын, Оны мен жоғалтып та алғандаймын... Ақ қаздар арасынан аққуымды Ажырата білмеген сормаңдаймын», - деген өлең жолдары есіңізде ме? Сіз де дәл осы асыл жандар секілді тазалық пен пәктікке толы махаббатты армандайсыз. Оны табу үшін сізге аздаған сенімділік жетіспейді. «Аузы күйген үрлеп ішеді» дейді. Бірақ, үнемі күйіп қаламын деп ойламаңыз.

13-18 ұпай: Жасыңыздың ұлғайғанына қарамастан, қызыққа толы күндерді өткізе білесіз. Бұдан өзге өзіңізді ерекше құрметтейсіз. Адамдарды жақсы танисыз. Тек шын ғашық болған жағдайда ғана эмоцияға берілесіз. Сізді ақылына көркі сай жан деп айтуға болады.

19-24 ұпай: Өміріңізді таңғажайып оқиғаларсыз елестете алмайтын шығарсыз. Елдер сезімді ашық білдіру қабілетіңізді жеңілтектікпен шатастырып алуы мүмкін. Көп ұзамай тұрақсыздыққа бой алдыруыңыз мүмкін. Егер жүрегіңізге жақын адамды тапқан болсаңыз, махаббатты мәңгілік сақтап қалуға тырысыңыз.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен