Тесттен өтіп, өзіңіздің көктемге қаншалықты дайын екеніңізді тексеріп көріңіз.
Көктем келгелі өзіңізді қалай сезінесіз?
А) Сергек, күшіңіз көбейді; Б) Ештеңе өзгерген жоқ; В) Қайғы, мұң.Көктемді қалай қарсы аласыз?
А) Жаңа киім алып дайындаласыз; Б) Келгенін сезбейсіз де; В) Депрессия өткеріп.Көктем немен ассоцияланады?
А) Гүлдер, мерекелер, жаңа өмірдің бастамасы; Б) Артық демалыстармен; В) Жаңбыр, шалшық пен кір.Осы көктемде нені қалайсыз?
А) Ессіз ғашық болуды; Б) Ауырып қалмау; В) Жазға дейін шыдау.Наурызда қалай киінесіз?
А) Көңіл-күйге орай; Б) Ауа-райына қарап; В) Жылырақ болса болды.Көктемде сіз...
А) Жаңарып, комплименттер естуден шаршамайсыз; Б) Көпшілікке байқалуды қалайсыз; В) Өмірден қайта түңілесіз.Көктемде не жайлы өкінесіз?
А) Оның тек 3 ай жалғасатындығына; Б) Сіздің жақта көктем тым суықтығынына; В) Барлығына жыныңыз ұстайды.Көктемде не істеп үлгеру керек?
А) Ессіз амалдарды жасап; Б) Маңызды жобаны аяқтап; В) Аллергиядан дәрі алып.Жауаптар:
А жауабы басым: Сіз көктемге әлбетте толықтай дайынсыз! Көктемді мереке ретінде қарсы аласыз, көктемнің де сізге берері аз емес деп сенейік.
Б жауабы басым: Сіз ақылды, жұмыс, сезім, эмоцияларды бөле алатын адамсыз. Ал жыл мезгілдерінің ауысуы сізге ешқандай өзгеріс әкелмейді, көңіліңізге әсер етпейді. Жақсы ауа-райына қуансаңыз да, көңілдің жақсы болуы үшін сізге бұл шарт емес.
В жауабы басым: Сіздің диагнозыңыз - көктемгі депрессия. Оны өткеру үшін, жақсы көзқарас қалыптастырыңыз, көктем еш ұнамаса да, алдағы жазды күтіңіз. Ал әзірше жаяу серуендеп, өзіңізбен тілдесіп, тынышталуға тырысыңыз.
Ал сіз көктемге дайынсыз ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vk.com