- Негізгі бет
- Психология
- Тест: Көктемге дайынсыз...
Тест: Көктемге дайынсыз ба?
Тесттен өтіп, өзіңіздің көктемге қаншалықты дайын екеніңізді тексеріп көріңіз.
Көктем келгелі өзіңізді қалай сезінесіз?
- А) Сергек, күшіңіз көбейді;
- Б) Ештеңе өзгерген жоқ;
- В) Қайғы, мұң.
Көктемді қалай қарсы аласыз?
- А) Жаңа киім алып дайындаласыз;
- Б) Келгенін сезбейсіз де;
- В) Депрессия өткеріп.
Көктем немен ассоцияланады?
- А) Гүлдер, мерекелер, жаңа өмірдің бастамасы;
- Б) Артық демалыстармен;
- В) Жаңбыр, шалшық пен кір.
Осы көктемде нені қалайсыз?
- А) Ессіз ғашық болуды;
- Б) Ауырып қалмау;
- В) Жазға дейін шыдау.
Наурызда қалай киінесіз?
- А) Көңіл-күйге орай;
- Б) Ауа-райына қарап;
- В) Жылырақ болса болды.
Көктемде сіз...
- А) Жаңарып, комплименттер естуден шаршамайсыз;
- Б) Көпшілікке байқалуды қалайсыз;
- В) Өмірден қайта түңілесіз.
Көктемде не жайлы өкінесіз?
- А) Оның тек 3 ай жалғасатындығына;
- Б) Сіздің жақта көктем тым суықтығынына;
- В) Барлығына жыныңыз ұстайды.
Көктемде не істеп үлгеру керек?
- А) Ессіз амалдарды жасап;
- Б) Маңызды жобаны аяқтап;
- В) Аллергиядан дәрі алып.
Жауаптар:
А жауабы басым: Сіз көктемге әлбетте толықтай дайынсыз! Көктемді мереке ретінде қарсы аласыз, көктемнің де сізге берері аз емес деп сенейік.
Б жауабы басым: Сіз ақылды, жұмыс, сезім, эмоцияларды бөле алатын адамсыз. Ал жыл мезгілдерінің ауысуы сізге ешқандай өзгеріс әкелмейді, көңіліңізге әсер етпейді. Жақсы ауа-райына қуансаңыз да, көңілдің жақсы болуы үшін сізге бұл шарт емес.
В жауабы басым: Сіздің диагнозыңыз - көктемгі депрессия. Оны өткеру үшін, жақсы көзқарас қалыптастырыңыз, көктем еш ұнамаса да, алдағы жазды күтіңіз. Ал әзірше жаяу серуендеп, өзіңізбен тілдесіп, тынышталуға тырысыңыз.
Ал сіз көктемге дайынсыз ба?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: vk.com