Марк Твен «Біздер тек қана шындықты айтатын адамдармен еш уақытта бірге тұра алмаймыз. Алайда алаңдамаңыздар, мұндай қауіп ешкімге төніп тұрған жоқ» деп айтқан екен. Сол секілді біз өмір сүріп отырған нарық заманында шыншылдық пен адалдық секілді қасиеттерге ие болу қиындап бара жатыр. Ал Сіздің жағдайыңыз қандай? Үнемі шындықты айтасыз ба?
1. Сізден жасы кіші сіңіліңіз хабарласып, не киетіндігі туралы кеңес сұрады. Сіз...
А) Оның табиғи сұлулыққа ие екендігін айтып, бұлай таңдау жасай алмаудың орынды екенін баяндайсыз.
Ә) Сыртқы келбет бірінші орында емес.
Б) Алдымен қасын жұлып, артынша мұрнын косметиканың көмегімен кішірейтуге кеңес бересіз.
2. Сүйіктіңіз өте арзан тұратын әшекей сыйлады. Сіз...
А) «Бастысы – назар» деп, оған алғыс айтасыз.
Ә) Оған «Рақмет» айтып, кете салысымен сыйлығын лақтырып жібересіз.
Б) «Қалжыңды қой! Негізгі сыйлықты берші!» дейсіз.
3. Сіздің сүйікті сөздеріңіз:
А) «Намасте».
Ә) «Бір рет қана өмір сүреміз».
Б) «Мен бұл жерге достар табу үшін келген жоқпын».
4. Бұрын-соңды көрмеген адамыңызбен кездесуге бардыңыз. Ол сізге дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екенін айтты.
А) «Мүсініңіздің неге мұндай екені түсінікті болды».
Ә) «Яғни салауатты өмір салтын сақтау мақсатында тәтті, қуырылған тағамдардан бас тартамыз ба?».
Б) Кетіп қаласыз.
5. Байқаусызда бастығыңыздың бөлмесіндегі үлкен әрі қымбат вазаны сындырып алдыңыз. Сіз...
А) Мойындап, ақшасын төлеуге келісесіз.
Ә) Еш нәрсе болмағандай кейіп танытасыз.
Б) Әріптестеріңіздің бірін айыптауға кірісесіз.
Жауабы:
«А» нұсқасы көп болса
Сіздің жүрегіңізде мейірімнің көптігі соншалық, айналаңыздағылар жаныңызда жүру арқылы күш қуатқа ие болады. Құдды адамдар емес, періштелер тәрбиелеген сияқты. Жұрт сізді көре салысымен «Сүйкімділігін қарашы!» деп тамсанады. Өзіңіз ойлағандай ұсқынсыз жан емессіз. Әлемге Сіз секілді адамдар жетіспейтіндіктен, көбейе түсіңіз.
«Ә» нұсқасы
Мінезіңіз мінсіз деп айтуға келмейді. Шындығында, ешкімге жамандық ойламайсыз, бар болғаны барлығын бетке айтқанды жөн көресіз. Бірақ! Қалжыңдағыштық қасиетіңіздің арқасында айтқан сөздеріңізді ешкім көңілге алмайды. Сізбен кешкі мезгілде отырып телехикая көрген өте қызық.
«Б» нұсқасы
Өкінішке орай, сіздей жандарды жақсы адамдардың қатарына қосуға болмайды. Мінезіңіздің қаншалықты нашар екенін талдамай-ақ қояйық. Ең болмаса анда-санда мейірімді болып көріңіз. Сай келмей ме? Онда кешірерсіз.
Ал Сіздің нәтижелеріңіз қандай болды?
Сурет: rumbur.ru