Тест: "Қалжыңдай аласыз ба?"

Тест: "Қалжыңдай аласыз ба?"

Адам мінезі әртүрлі. Біреуі өзгелердің көңілін тауып, күлдіріп жүрсе, екіншілерінің қабағына қар жауып тұрады. Ал сіз ше? Қалжыңдағанды ұнатасыз ба? Бұл сұрақтың жауабын білмесеңіз, оны тест көмегімен анықтаңыз. Әрбір «А» жауабына 3 ұпай, «Ә» жауабына 2 ұпай, «Б» жауабына 1 ұпай беріңіз. Ал жауаптар сәйкес келмегенде, ұпай қоспайсыз.

1. Бір адам орманға аяғына ағашаяқ киіп барды. Оның бұл әрекетін қалай түсіндіруге болады?

А) Қызық болсын деп.

Ә) Жыландардан қорқатындықтан.

Б) Саңырауқұлақтарды жақсы көру үшін.

2. Әріптесіңіз жұмыста ұйықтап қалды. Сіз:

А) Оны ояту үшін бастықты шақырып келесіз.

Ә) Оның ұйықтап жатқанын пайдаланып шәй ішіп келесіз.

Б) Ояту үшін есікті қатты ашып жабасыз.

3. Автобуста сүйкімді бойжеткенмен таныстыңыз. Ол кездесуден бас тартады. Сіз:

А) «Танысқаным үшін қуаныштымын» деп айтасыз.

Ә) Жарайды, келесіде танысармын.

Б) Неге?

4. Көшеде отырған қайыршы сізден 50 теңге сұрады. Сіз:

А) Сіз менің ойымды оқып тұрсыз.

Ә) Менің қалтамда ақшам жоқ.

Б) Танымайтын адамға не үшін ақша беруім керек?

5. «Көлігімді кез келген нәрсеге ауыстырамын» деген хабарландыру оқыдыңыз. Хабарландыру берген адам жайында сіз не ойладыңыз?

А) Кімнің алданып қалатынын көргісі келеді.

Ә) Ақшасын қайда жіберерін білмей жүрген біреу болар.

Б) Ақылынан алжасқан.


6. Автобуста аяғыңызды біреу басып тұрды. Сіз:

А) «Сіз басып тұрған аяқ менікі» деп айтасыз.

Ә) Мүмкіндік болса, орнымызды ауыстырайық.

Б) Ренжімесеңіз ары қарай қозғаласыз ба?

7. Фильм көріп отырып ең қызық сәтіне келген кезде жарық сөніп қалды. Мұны:

А) Әркім өз нұсқасын ойлап табуға таптырмас мүмкіндік деп түсінесіз.

Ә) Өмір заңы қатал.

Б) Елімізде сапасыз қызметкерлер көп деп ойлайсыз.

8. Лотерея билетінен ұтысқа ие болғаныңызды кеш білдіңіз. Сіз:

А) Әдеттегі жіберіп алған мүмкіндік қана.

Ә) Сіздің жолыңыздың болмайтынымен байланысты.

Б) Бұл – тағдыр.

9. Қонаққа барғанда сізге ұнамайтын тағамды ұсынды. Сіз:

А) Өтірік күліп 1 қасығын жеп, артынша үй иесінің саусағынан бал тамған аспаз екенін айтасыз.

Ә) Дәмін татып көресіз.

Б) Бас тартасыз.


10. Сыра сатушы адам кезекте тұрған өзге бір адамнан сусын сатып әкелуін өтінді. Оның бұл әрекетін қалай түсіндіңіз?

А) Өз ақшасына басқа бір зат алғысы келді.

Ә) Кезекте тұрған адамдарды күлдіру үшін.

Б) Жақсы жолда жүргендіктен.

21-30 ұпай аралығы

Сіз қалжыңдағанда Қожанасыр мен Алдар Көседен асып түсесіз. Кейде шектен шығып кетесіз. Ұстамды болып үйренбесеңіз, сіздің қалжыңбастығыңызды басқаша қабылдауы мүмкін.

11-20 ұпай

Қалжыңды орнымен айтасыз және ешкімнің көңіліне тимеуін қадағалайсыз. Адамдарды ұялтқанды ұната бермейсіз.

6-10 ұпай

Іштей көңіл-күйіңіз көтеріңкі болса да, оны өзгелерге көрсете бермейсіз. Тым көп ойланасыз. Қоршаған ортаңыздағы адамдарды мезі етіп жіберуіңіз мүмкін.

0-5 ұпай

Сіз мұңайғанды жақсы көресіз. Әрдайым көңілсіз жүресіз. Сізден адамдардың не себепті қашқақтайтынын түсінген шығарсыз. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: liveinternet.ru

Қ. Бүйенбай