Массагет оқырмандарының сұранысы бойынша, түрлі психологиялық тесттер ұсынуды тоқтатпаймыз. Бүгінгі кезек жігіт пен қыздың қарым-қатынасына арналады. Берілген суретке мұқият қараңыз. Қай жұп басқаларына қарағанда ең бақытты көрінеді? Таңдаған жұбыңыздың нөміріне сәйкес мәтінді оқыңыз.
1. Сіз отбасылық құндылықтарды барлығынан жоғары қоясыз. Сіз үшін егде тартқан адамдардың әлі күнге қол ұстасып жүруінен асқан нағыз махаббат жоқ. Себебі олар жұбайлар ретінде өмірдің ащысы мен тұщысын бірге татып, мәңгілік махаббаттың символына айналған деп есептейсіз. Сіз де дәл осындай отбасыны армандайсыз. Сіз үшін қысқа, уақытша көңіл көтерудің мәні жоқ. Отбасыңыз бақытты болуы үшін барлығынан бас тарта аласыз.
2. Сіз ешқашан сезімнің жетегіне еріп кетпейсіз. Өте күмәншіл адамсыз, сондықтан соқыр сезім мен махаббаттың құрбаны болғанша, өз жаныңыздың жайлылығын ғана жасағанды жақсы көресіз. Ойыңызға не келсе соны істей жүре беретін мүмкіндік болса, осындай қарым-қатынасты құптайсыз.
3. Сіз көңілді де еркін қарым-қатынасқа жаралған жансыз. Жігіт те, қыз да ешкімге тәуелді болмай, өздігінен алға жылжуын қалайсыз, бірге дамуына да қарсы емессіз. Сүйіктіңіз жай ғана жар болып қоймай, нағыз жанашыр дос болуы керек деп есептейсіз. Онымен кез келген тақырыпта ашық сөйлесе аласыз. Осындай ара-қатынас орнаған кезде ғана өзіңізді мейлінше жайлы сезінесіз.
4. Сіз "дайын үлгі" қарым-қатынасын жақтаушысыз. Серіктесіңізге ешқандай жоғары талабыңыз жоқ. Ол тек сенімді, табысты, уақытымен көңіл бөлетін жан болса жеткілікті деп ойлайсыз. Сіз сезімсіз өмір сүре алмайтын жандар қатарынан емессіз, бірақ отбасын құру сіз үшін ең бірінші орында.
Ал ең бақытсыз жұп қайсысы деп ойлайсыз?