Тест. Жігітіңіз қандай?

Тест. Жігітіңіз қандай?
Фото: amur.kz

Жігіт таңдау мәселесіне келгенде қыздардың талғамы әртүрлі. Ал сіздің жігітіңіз қандай? Оны романтиктердің қатарына қосуға бола ма? Олай болса, бұл сұрақтың жауабын тест көмегімен шешіп көрейік.

1. Жігітіңіз қандай фильмдер көргенді ұнатады?

А) Тарихи фильмдер мен мелодрамаларды 
Ә) Фантастиканы 
Б) Боевик жанрын
В) Оған бәрібір 

2. Сізге жиі гүл сыйлай ма?

А) Әр кездесуге гүл сыйлайды 
Ә) Мұны бос шығын, табиғатты қорлау деп түсінеді 
Б) Мерекелік кештерде ғана 
В) Мен айтқан соң ғана сыйлайды 

3. Оған қандай әуен ұнайды?

А) Билеуге лайық 
Ә) Поп жанрындағы 
Б) Классика немесе рок 
В) Әуенді мүлдем тыңдамайды 

4. Ең алғаш танысқан күндеріңіз оның есінде ме?

А) Әрине, бұл күнді жыл сайын қуанышпен еске аламыз 
Ә) Бұл күні маған ерекше сыйлықтар ұсынады 
Б) Кейде ғана 
В) Жақсылап көңіл көтеруге болатын күн деп түсінеді 

5. Бос уақытын қалай өткізеді?

А) Стадионға барып жүгіріп қайтады 
Ә) Теледидардың алдында 
Б) Саябаққа немесе қаланың сыртына қыдырып қайтады 
В) Достарымен бірге өткізеді 

6. Соңғы рет не сыйлады?

А) Гүл, әтір немесе шоколад кәмпиттер 
Ә) Косметика 
Б) Гүл салатын құмыра 
В) "Ұнаған сыйлығыңды өзің ал" деп ақша ұсынды 

7. Демалыс күндері қайда баруға ұсыныс жасайды?

А) Күн ыстық болса, жағажайға
Ә) Тарихи орындарға баруға
Б) Зообаққа 
В) Көбіне мен ұсынамын 

8. Ол тамақ жасай ала ма?

А) Әрине 
Ә) Тек жұмыртқа қуыра алады 
Б) Үйінде ешкім жоқ кезде амалы жоқ болғандықтан жасайтындығын айтады 
В) Жасай алмайды

1

2

3

4

5

6

7

8

А

3

3

2

3

2

3

1

3

Ә

2

0

2

2

1

2

2

1

Б

1

2

2

1

3

1

3

2

В

0

1

0

0

0

0

0

0

Жинаған ұпай сандарыңызды қосыңыз.

18-ден жоғары ұпай жинасаңыз: Сіздің сүйіктіңіз нағыз романтик. Ол әр күнді мерекеге айналдыра алады. Оған әрдайым қолдау көрсетіп, тосын сыйларын қуанышпен қабыл алыңыз.

11-17 ұпай: Жігітіңіз жүрегінің түбінде романтик. Бірақ бұл қасиетін көрсетуге ұялады. Сізді жадыратар ерекше тосынсый ұсынсам, ақымақ болып көрінемін бе деп қорқады. Бірақ мүмкіндігінше сізге көңіл бөледі. Оның бұл қасиетін бағалай біліңіз.

6-10 ұпай: Бұл жігітті нағыз романтик деп айту қиын. Ол мұны бос қиял деп түсінеді. Оған өзінің болашағы мен пайдасы ғана маңызды.

5 ұпайдан төмен болса: Сіздің жігітіңіз романтика мәселесінен мүлдем бейхабар. Оның иісі мұрнына да бармайды және мұны ұғындырамын деп әуре болмаңыз. Дұрысы оның бойынан өзге жақсы қасиеттер іздеп көріңіз.

Г. Берік