Тест: Жеке бизнесімді бастай аламын ба?

Тест: Жеке бизнесімді бастай аламын ба?
Фото: Руслан Weddingtv

Болашақта жеке бизнеспен айналысып, үлкен компания ашқыңыз келе ме? Бірақ өз мүмкіндіктеріңізді әлі де дұрыс бағалай алмай жүрсіз бе? Олай болса, төмендегі тестінің көмегіне жүгініңіз. Берілген нұсқаның бірін таңдап отырыңыз.

1. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз қандай?

а) Адамдарды өз сөзіме оңай сендіремін – 1 ұпай

ә) Ұйымдастырушылық қабілетім жоғары – 2 ұпай

б) Барлығы ойдағыдай деп айта алмаймын – 3 ұпай

в) Ешнәрсе ұйымдастыра алмаймын – 4 ұпай

2. Жауапкершілігіңіз туралы не айтасыз?

а) Барлығына асқан жауапкершілікпен қараймын – 1 ұпай

ә) Кейде қарсылық танытсам да, берілген тапсырманы орындаймын – 2 ұпай

б) Өзгелердің тапсырма немесе нұсқаулық бергенін ұнатпаймын – 3 ұпай

в) Үнемі жауапкершіліктен қашамын – 4 ұпай

3. Шешімді қалай қабылдайсыз?

а) Барлығын дұрыс әрі өз уақытында орындаймын – 1 ұпай

ә) Барлығын абайлап жасаймын – 2 ұпай

б) Шешімді тез қабылдаймын, бірақ жиі қателік жіберемін – 3 ұпай

в) Үнемі бірнәрседен қорқамын – 4 ұпай

4. Адамдармен қарым-қатынасыңыз қандай?

а) Оларға мейірімділік танытып, құрметтеймін – 1 ұпай

ә) Барынша сыпайы болуға тырысамын – 2 ұпай

б) Кейде адамдармен тіл табысуға қиналамын – 3 ұпай

в) Үнемі бәрімен ренжісіп жүремін – 4 ұпай

5. Талпынысыңыз жоғары ма?

а) Қосымша жұмыс алуға тырысамын – 1 ұпай

ә) Берілген тапсырманы дәл уақытында орындаймын – 2 ұпай

б) Барлығын өз бетіммен орындауға тырысамын – 3 ұпай

в) Басшылық тапсырма бермесе, ешнәрсе жасай алмаймын – 4 ұпай

6. Сіз көшбасшысыз ба?

а) Ия, мен әрдайым өзіме сенімдімін – 1 ұпай

ә) Айналамдағыларға тапсырманы дұрыс бөліп беремін – 2 ұпай

б) Мен басшымын – 3 ұпай

в) Менен көшбасшы шықпайды – 4 ұпай

7. Табандысыз ба?

а) Мен мақсатыма жетпей тынбаймын – 1 ұпай

ә) Шамам келгенше жұмыс істеймін – 2 ұпай

б) Өздігімнен шешім қабылдай алмаймын – 3 ұпай

в) Мен табанды адам емеспін – 4 ұпай

Жауабы:

9 ұпайға дейін. Ойланбастан өз ісіңізді бастаңыз. Талпынысыңыз өте жоғары.

10-15 ұпай. Сіздің де талпынысыңыз жоғары. Жеке бизнеспен айналысып көргеніңіз жөн.

16-21 ұпай. Сіздің мүмкіндіктеріңіз орташа.

22-28 ұпай. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз төмен болғандықтан, жеке бизнесіңізді ашпағаныңыз жөн.

Қ. Бүйенбай