Тест: "Жеке бизнесімді аша аламын ба?"

Тест: "Жеке бизнесімді аша аламын ба?"

Жеке кәсібіңізді ашуды көптен бері армандап, өзіңізге әлі де сенімсіз болып жүрсеңіз, төмендегі тестің көмегімен қаншалықты мүмкіндігіңіздің бар екенін анықтап алыңыз. Олай болса, төмендегі жауаптардың бірін таңдаңыз.

1. Ұйымдастырушылық қабілетіңіз қандай?

А) Адамдарды оңай сендіре аламын – 1 ұпай

Ә) Ұйымдастырушылық қабілетім жоғары – 2 ұпай

Б) Бұл қабілетімнің мықты екеніне күмәнім бар – 3 ұпай

В) Бір нәрсені ұйымдастыру қолымнан мүлдем келмейді – 4 ұпай

2. Жұмысыңызға жауапкершілікпен қарайсыз ба?

А) Барлық істі мінсіз орындауға тырысамын – 1 ұпай

Ә) Кейде қарсылық білдірсем де, өзіме тапсырылған істі соңына дейін жеткіземін – 2 ұпай

Б) Адамдардың маған тапсырма бергенін ұнатпаймын - 3 ұпай

В) Өзіме берілген тапсырмалардан үнемі бас тартамын – 4 ұпай

3. Шешімді қалай қабылдайсыз?

А) Жылдам әрі дұрыс – 1 ұпай

Ә) Әрдайым сақ болуға тырысамын – 2 ұпай

Б) Шешімді жылдам қабылдағанмен, қатені көп жіберемін – 3 ұпай

В) Үнемі бір нәрседен қорқамын да тұрамын – 4 ұпай

4. Адамдармен қалай қарым-қатынас жасайсыз?

А) Барлығын бірдей сыйлап, мейірімділік танытамын – 1 ұпай

Ә) Сыпайылық танытамын – 2 ұпай

Б) Кейде тіл табысуым қиынға соғады – 3 ұпай

В) Үнемі ұрсысам да жүремін – 4 ұпай

5. Белсенділігіңіз қандай?

А) Барлық уақытта қосымша жұмыс алуға тырысамын – 1 ұпай

Ә) Жұмысты дұрыс әрі уақытында аяқтаймын – 2 ұпай

Б) Барлығын біреу бағыт берместен, өзім тындыруға тырысамын – 3 ұпай

В) Біреу бағыт беріп отырмаса, өз бетіммен жұмыс істей алмаймын – 4 ұпай

6. Сіз көшбасшысыз ба?

А) Иә, мен әрдайым өзіме сенімдімін – 1 ұпай

Ә) Тапсырмаларды дұрыс үйлестіре білемін – 2 ұпай

Б) Мен – жол сілтеушімін – 3 ұпай

В) Өзгелердің жетегінде жүремін – 4 ұпай

7. Табандылық таныта білесіз бе?

А) Өз мақсатыма жетпей тынбаймын – 1 ұпай

Ә) Барлығы мүмкіншілігіме байланысты – 2 ұпай

Б) Аса табандылық таныта алмаймын – 3 ұпай

В) Мен нағыз жалқаудың өзімін – 4 ұпай

Жауабы:

9 ұпайға дейін:

Ойланбастан жеке кәсібіңізді ашыңыз. Сіздің табысқа жетудегі мүмкіндіктеріңіз өте жоғары.

10-15 ұпай:

Өзіңіздің жеке кәсібіңізді ашуға мүмкіншілігіңіз бар.

16-21 ұпай:

Мүмкіндігіңіз орташа. Яғни, барлығы өзіңіздің ерік-жігеріңізге байланысты.

22-28 ұпай:

Ұйымдастырушылық қабілетіңіз төмен болғандықтан, жеке кәсібіңізді ашпағаныңыз абзал.

Ал сіздің мүмкіншіліктеріңіз қандай екен?

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: вк желісінен

Қ. Бүйенбай