- Негізгі бет
- Психология
- Тест: "Жанжал шығарушылардың...
Тест: "Жанжал шығарушылардың қатарынансыз ба?"
Байбалам салатын адамдардың қатарына жатасыз ба? Біз өмір сүріп жатқан қоғамда жүйкемізді тоздыратын жағдай өте көп кездеседі. Барлығымыз да өмірімізде бір рет болмасын шу шығарып немесе бір-бірімен ұрысып жатқан адамдардың ортасына тап болған шығармыз. Осы кезде әркім әртүрлі мінез танытады. Кейбіреуі тамағы қарлығып қалғанша айғайласа, екінші біреулері бірден жұдырықтың көмегіне жүгінеді. Ал сіз ше? Осындай жағдайларға тап болсаңыз не істейсіз? Бұл сұрақтардың жауабын білмесеңіз, оны төмендегі тест көмегімен анықтап көріңіз.
1. Өзіңізді қоғамдық көліктің ішінде немесе базарда ерегісіп жатқан адамдардың ортасына тап болдым деп елестетіңіз. Осы кезде қандай әрекет жасайсыз?
А) Бұл ерегістің маған ешқандай да қатысы болмағандықтан, араласпаймын - 4;
Ә) Міндетті түрде араласып, кімдікі дұрыс болса, соны жақтаймын - 2 ;
Б) Міндетті түрде араласамын және жеңіске жетпейінше ол жерден кетпеймін - 0;
2. Жиналыста отырған кезде не істейсіз?
А) Еш уақытта ұсыныстарымды немесе сыни пікірлерімді айтпаймын - 4 ;
Ә) Кейде айтатын кездерім болады. Ойымда нақты сұрақ туындап жатса, міндетті түрде айтамын - 2 ;
Б) Үнемі сыни пікірлерімді айтып, ерегісіп кетуге дейін барамын - 0;
3. Бастығыңыз жұмысқа қатысты өзіңізге мүлдем ұнамайтын жоба ұсынды. Сіз не істейсіз?
А) Менің пікірімді өзгелерінің де қоштайтынына сенімдімін - 4;
Ә) Өзімнің пікірімді ашық айтып, сөз таластыруда жеңуге тырысамын - 2;
Б) Оның көңіліне тимеу үшін пікірімді жасырып, өтірік күлімсіреймін - 0;
4. Сөз таластырғанды жақсы көресіз бе?
А) Тек жақын достарыммен ғана - 4 ;
Ә) Неге байқап көрмеске - 2;
Б) Кез келген сөз таласта барлық адаммен жарыса түсемін - 0;
5. Кезекте тұрған кезіңізде біреу сапты бұзса не істейсіз?
А) Мұндай адамдарды күшпен итеріп, өзім алға жылжимын - 4;
Ә) Ешкімге білдірмей іштей ашуланамын - 2;
Б) Жұдырықпен ұрып жіберетін кездерім болады - 0;
6. Егер әріптесіңіздің жоспары мен қызметтегі орны сіздің айтар сөздеріңізге байланысты болса қандай шара қолданасыз?
А) Шындықты жасырмай пікірімді әділетті түрде білдіремін - 4 ;
Ә) Кейбір өзгерістер енгізуге болатындығын айтып, барынша мақтаймын - 2;
Б) Келесі жолы мұндай қателіктер жібермес үшін мін іздеймін -0;
7. Сүйіктіңіз сіздің ақшаңызға ортақтасып, оны не нәрсеге жұмсайтыныңызды үнемі сұраса қандай жауап қайтарасыз?
А) Онда тұрған ештеңе жоқ. Шындықты айтамын - 4;
Ә) Менің ақшамды жөнсіз заттарға құрта бермеуін сұраймын - 2;
Б) Бірден ұрысамын - 0;
8. Мектеп жасындағы оқушы сізден темекі сұрады? Сіз?
А) Қалтамда болса беремін. Оның денсаулығы маған керек емес қой - 4;
Ә) «Шылым шегуге ұялмайсың ба?» деп ұрсамын - 2;
Б) Жанымызда басқа адамдар да болса, мен жақсылап шу шығаратын едім - 0;
9. Базардағы сатушы сізді алдап, артық ақша алды. Сіз:
А) Мұрнымның астынан сөйлеп, артынша есікті тарс жауып кетіп қаламын - 4;
Ә) Тауардың бағасын қайтадан санап шығуын сұраймын - 2;
Б) Мені алдағанын біле салысымен шапалақтап ұрып жіберемін - 0;
10. Қонақүйдің әкімшілігі өз қызметін орындаудың орнына өзге істермен айналысып жүр. Сіз:
А) Менің пікірім көп нәрсені өзгерте қоймайтындықтан, үнсіз қаламын - 4;
Ә) Мүмкіндігінше таныстарымның барлығына шағымданамын. Оған қалай болсын кек қайтаруым керек -2 ;
Б) Бар ашуымды даяшы мен еден жуушы қызметкерлерден аламын - 0;
11. Баламен сөз таластырып отырып, оның сөзінің дұрыс екенін анықтадыңыз. Сіз:
А) Оныкі дұрыс болғанына қарамастан, өз пікірімді жақтай түсемін - 4 ;
Ә) Қателегімді мойындаймын - 2;
Б) Баланың алдында беделім түсіп қалмас үшін, қателігімді еш уақытта мойындамаймын - 0;
Жауабы:
30-40 ұпай:
Сіз барынша әдепті жансыз. Ұрыс, жанжал дегендерден қашық жүруге тырысасыз. Бейбіт бітімге келудің қыр-сырын жақсы білесіз. Өкініштісі мәселеге қатысты өзіндік пікіріңізді білдіре алмайсыз. Сізге тік мінезді болатын уақыт жеткен сияқты.
15-29 ұпай:
Түймедейді түйедей етіп, жанжал шығаруға құмартып тұрасыз. Қызба мінезіңіздің бар екеніне қарамастан, өз ортаңызда барынша сыйлысыз. Пікір айтқан кезіңізде ешкімнің көңіліне қарамайсыз.
14 ұпайдан төмен:
Жанжал шығаруда сізден асып түсетін адам жоқ шығар. Өзгелерді өз ырқыңызға көндіргіңіз келеді. Секунд сайын айналаңыздағылармен ұрысасыз. Тіпті мінезіңіздің кемшіліктерін айтып, түзелуіңізге кеңес беретін адамдарды жек көресіз. Мүмкін сізге бір нәрсе жетіспей, сол жетіспеушіліктің өшін өзгелерден алатын шығарсыз. Мұны да ойланып көріңіз.
Ал сіз ше? Мұндай кездерде жанжал шығарасыз ба?
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: tapisarevskaya.rusedu.net
Қ. Бүйенбай