Сюй Янь есімді қытай жігіті бір апта бойы онлайнда болған соң, монитор алдында жан тапсырыпты. Ақылдаса келе, интернетке деген тәуелділіктің бар-жоғын анықтайтын тест жасауды ұйғардық. Өзіңді тексеріп көр...
Адам қолы қалт еткен сәтте ойға беріліп, ой орманынан өзіне азық болар идеяларды таңдап алып, кейін оны іске асырушы еді. Ал қазір адамның қолы босай қалса интернетке асығады да тұрады. Мамандардың пікірінше, интернет қолданушыларының 10 пайызы тәуелділік деңгейіне жеткен. «біз интернетте отырған кезде қызықты дүниелермен тарта жөнеледі, азарттық ойындар принципі дәл осындай», - дейді Хиллари Кэш есімді доктор. Ол reSTART атты интернет-тәуелділіктен құтқару клиникасының құрушысы. Ғалымдар тіпті мұндай адамдардың басында маскүнемдер мен нашақорлардағыдай өзгерістер байқалады деген шешімге келіпті. Бұл адамның әсіресе эмоционалдық өзгерістері мен шешім жасау сәтінде айқын байқалады-мыс. Ендеше, интернеттің азаттығыңды осы бір 8 тараудан тұратын тест арқылы байқап көр.
1: Жетістігіңді тексеріп көр
Сенің миың қызыққа құмар. Вашингон қаласы Университетінің нейрофизиологтары ақпарат іздеуден ләззат алатынын дәлелдепті. Интернертте көп отырған соң қағаз-қалам ал да, сол уақыт бойында қанша пайдалы іс жасағаныңды жаз. Өзіңнің дым да бітірмегеніңді түсінген соң, бос уақыт өткізуден бас тартуың мүмкін.
2: Өзің үшін ұял!
Лидс университетінің осы сала бойынша маманы «Интернетке тәуелділер көп уақытын ойындарға, әлеуметтік желілерге және порнографияға жұмсайды» дейді. Quantitative Data (Wakoopa.com арқылы ізде) бағдарламасы арқылы қанша уақыт қай сайтта көп уақыт жұмсайтыныңды анықтап береді. Әлеуметтік желіде пайдалы жұмыс істеуге кеңестерді де сонда таба аласың.
3: Күн бағдарламасын жаңарту
Әлеуметтік желідегі лентаны айналдырып, «Мына сұмдықты көрген ғалымдар тілден қалыпты» немесе «Ол үйде жоқ кезінде әйелі немен айналысатынын білмеген» деген секілді «өтірікші» сілтемелерді көру уақытыңды бос өткізуге сеп болатынын біл. Интернетте қанша уақыт отыратыныңды алдын ала жоспарлап ал.
4: Өзіңді шекте!
«Интернет әлемінде адасып кету оп-оңай» дейді Time Managment for Dummies («Тайм-менеджмент для чайников») кітабының авторы Клэр Эванс. Шек қоюға өз күш-жігерің мен ынта-талабың жетпей жатса Freedom (macfreedom.com) бағдарламасының жұмыс уақытында белгілі бір сайттарға шектеу қоятын қызметін пайдалан. Бұл қызметті әсіресе кешкі уақытта пайдалансаң, тыныш ұйқыға кепіл бере аламыз.
5: Желіден шық!
Әлеуметтік желіге жұмыс жасауға 20 минут қалған кезде немесе достармен кездесуге барарда 10 минутқа кірсең жеткілікті. Бұл арқылы сен интернетте көп тұрақтай алмайсың. Тіпті кейбір тапсырмаларды интернеттің көмегінсіз-ақ шешуге тырысып көр.
6: Жеке әлеуметтік желіңді ұйымдастыр
«Адамдар фейсбук немесе туиттерде қарым-қатынас жасау кезінде физиологиялық деңгейде белсенді бола түседі» деп мойындайды Хиллари Кэш есімді маман. Әрбір әлеуметтік желіге кіріп, ондағы жаңалықты оқуға көп уақыт жұмсамаудың амалы бар екен – meople.net агрегаторы барлық әлеуметтік желілердің жаңартулары мен өзгерістерін бір өзінде ұсына алады. Бұл жерден сіз тіркелген барлық әлеуметтік желілердегі жаңартуларды көріп отыра аласыз. LinkedIn, Facebook, Одноклассники, ВКонтакте, Google+, Twitter, Instagram, Flickr, YouTube және Groupon желілері дәл осы біз айтқан сайтта бар. Қалай, ыңғайлы ма?
7: Ойындарды таста
Өзімен қоса өзгені де ұмытқан интернет құрбандары Word of Warcraft сияқты ойындардың шебері. Әлеуметтік компоненттерімен жабдықталған интернет-ойындар адамның тәуелділігін күшейте түседі. Оған қарағанда Skype және FaceTime сияқты әлеуметтік желілерде байланыс жасау пайдалы.
8: Екі кеменің басын ұстама
Ноутбугың немесе компьютеріңде керемет процессор болуы мүмкін. Бірақ сенің миың ондай емес. Journal of Experimental Psychology зерттеу нәтижелерін жариялаған, онда егер біз екі жұмыспен бір уақытта айналысып отырсақ, бұл біздің 40 пайыз уақытымызды жеп қояды екен. Сондықтан да, әлеуметтік желімен бірге жұмысыңды қатар атқарып отырсаң, біреуін өшіруге тура келеді. Бұл әдіс сенің уақытыңды үнемдейді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: mypage.ru