- Негізгі бет
- Психология
- Тест. Белсендісіз бе?...
Тест. Белсендісіз бе?
Қазіргі заман белсенділікті, лездікті талап етеді. Болып жатқан оқиғаларға оптимистік және шынайы көзқараспен қарап үйренген адамдар көбіне белсенді болып келеді екен. Мына тест арқылы сіздің белсенділігіңізді анықтап көрейік.
1. Денсаулық:
А) денсаулығыма үнемі көңіл бөліп, уақытында тексеріліп тұрамын;
Ә) уақыт өткен сайын түрлі ауруларға шалдығамын;
Б) менің ойымша, денсаулығым жақсы.
2. Тәбет:
А) тәбетімнің жоқтығына үнемі шағымданамын;
Ә) тәбетім жоқ деп айта алмаймын, алайда тамаққа келгенде талғампазбын;
Б) дәмді тағамдарды жақсы көрсем де, алдымда тұрған тағамды қанағат тұтамын;
3. Сыртқы көрініс:
А) сыртқы көрінісім өзіме мүлдем ұнамайды;
Ә) табиғи сұлулығымның жоқтығына мұңаямын;
Б) сыртқы көрінісім көзтартарлық дәрежеде деп ойлаймын.
4. Өмірге көзқарас:
А) адамдар мен табиғат құбылыстарына күдікпен қараймын әрі мысқылдап сөйлейтін, өмірден түңілетін жандарға мән бермеймін;
Ә) өміріме ризамын, бірақ кейде күйзеліске тап болатын кездерім болады;
Б) дәл қазіргідей әлі де 100 жыл өмір сүруге дайынмын.
5. Көңіл-күй:
А) айналамдағыларға үнемі ашуланып жүремін;
Ә) үй шаруасын ұнатпаймын, кейде жалығып кетемін;
Б) мені ешкім ашуландыра алмайды.
6. Күш-қуат:
А) қиналғанды жақсы көремін;
Ә) көп іске күш-қуатым жете бермейді;
Б) барлығын уақытымен жасаймын және кез келген қиын жұмысқа дайынмын.
7. Шешімді қалай қабылдайсыз?
А) шешімді өзім ғана қабылдауға қорқамын;
Ә) уақыт өткен сайын өзіме деген сенімсіздігім арта түседі;
Б) асықпай, сабырмен қабылдаймын.
Жауабы: «А» жауаптарына – 2 ұпай, «Ә» жауаптарына - 1 ұпай, «Б» жауаптарына – 0 ұпай. Жинаған ұпайларыңызды бір-біріне қосыңыз.
12 ұпай және одан жоғары: Сізге өмірді жақсы жағынан көру үшін ерекше белсенділік жетіспейді. Тіпті, тапшы деп бағалауға келеді. Сіздің бойыңызды билеп алған пессимизм денсаулығыңызға зиянын тигізіп, жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасыңыздың үзілуіне себепші болуда. Олардың арасында достарыңыз да бар.
6-11 ұпай аралығы: уақыт өткен сайын өзіңізге деген сенімсіздігіңіз күшеюде. Жалғыздықтан аулақ болып, жарқын жүзді адамдармен араласуға тырысыңыз.
5 ұпай және одан төмен: Сіз өмірге құштар жансыз. Оптимизмнің арқасында көптеген жетістіктерге жетудесіз. Сізбен тіл табысу да оңай. Алайда аса жоғары белсенділік шешімді қате қабылдатуы мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Сол себепті кейде өзіңізді «тізгіндеп» отырыңыз.