Бақыт әркім үшін түрлі нәрселермен өлшенеді. Сіздің өміріңізде бақыт үшін барлығы бар сияқты болса да, ылғи бір нәрсе жетіспей тұра ма? Тесттен өтіп, сол нәрсені анықтаңыз.
Сізге әрқашан не жетіспейді?
Көбінесе не үшін өкінесіз?
Сізде мыналардың қайсысы жоқ?
10 жылдан кейін өзіңізді қалай елестетесіз?
Достарыңыз сізді қандай адам деп сипаттайды?
Сізде не көп?
Нәтижелері
Сізге толық бақыт үшін бостандық жетіспейді. Тым көп жұмыс істеп, мансапқа көп көңіл бөлесіз. Сол себепті жұмыстан басқа қызығушылықтарға да уақыт бөлген дұрыс. Біріншіден, демалыс алып, алыс сапарға барып келіңіз. Ортаны ауыстырып, демалып, өзіңізді тәуелсіз сезініп, сергіп қаласыз. Болашақта демалысқа уақыт таба біліп, оны жұмысыңызбен үйлестіріп үйреніңіз.
"Бақыттымын" деп айту үшін сізге тек махаббат қажет. Неге екені белгісіз, сіз әлі өз жартыңызды таппадыңыз және осы мәселе сізді қатты толғандырады. Жақсы жаңалықтар ойланбаған жерден келеді, махаббат та сізге төбеден түскендей болады. Сондықтан ол жайлы ойланғанды қойып, әзірше орын алған жалғыздықты барынша қолданыңыз. Уақытты жұмысқа, сабаққа бөліп, қызығушылықтарыңызбен айналысыңыз. Өз-өзіне қызық бола алаған жан басқалардың да көңілінен шығары анық.
Бақыт үшін сізге керегі – тәртіп. Сіз көп уақытыңызды бос, қажет емес істерге құртасыз. Жинақы жүріп, уақытқа ұқыпты қараңыз. Ең біріншіден, өзіңізге күнделік арнап, онда жасалуға тиіс істер тізімін жазып жүріңіз. Ол сізге өз уақытыңызды жоспарлауға көмектеседі.
Ал сізге бақыт үшін не жетіспейді екен?
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: cosmo.ru