Тест. Ақшаға қаншалықты құштарсыз?

Тест. Ақшаға қаншалықты құштарсыз?

Бәзбіреулер «Ақша – қолдың кірі» деп, барға қанағат білдірсе, басқалары «Бар бақыт ақшада» деп бар дүниенің ақшаға тәуелді болатынын айтып жатады. Ал сіз қалай ойлайсыз? Ақшаға қаншалықты құштарсыз? Тексеріп көрейік.

1. Айлық алатын күнге бір апта қалды делік. Әмияныңызда жатқан алдыңғы айлықтан қалған ақшаның мөлшерін білесіз бе?

a) Әмиянымда жатқан ақшаны кеше ғана қарызға алғанмын

b) Ата-анам берген тиын-тебендер жатыр

c) Әрине, білемін. Мен әр кез қанша ақша жұмсағанымды есептеп тұрамын.

d) Өте аз. Соңғы қалған тиын-тебенім. Айлыққа дейін жетсе болғаны

2. Ойда-жоқта ұтыс ойынына қатысып, бір миллион теңге жүлде ұтып алдыңыз.  Алғашқы қадамыңыз қандай болмақ?

a) Ой, 1 млн теңге аз ғой

b) Достарыма жуып берер едім

c) Депозитке салып, болашаққа сақтап қояр едім

d) Кәсіп ашуды ойластырып, бір жобаға салар едім

3. Қыздарға сауал. Ауқатты араб шейхымен бірге өмір сүруге келісер ме едің?

a) Иә, келісер едім. Егер ол маған бар жағдайды жасап берсе, ажырасқан кездің өзінде маған байлығынан бөліп берсе.

b) Иә, келісер едім. Тек маған шектеу қоймасын

c)  Иә, келісер едім. Оның байлығының арқасында мен әке-шешем мен бауырларыма көмектесіп, өзім де байлыққа кенелемін

d) Жоқ, мүлдем келіспес едім.

4. Жігіттерге сауал. Ауқатты, алайда өзіңізден бірнеше жас үлкен әйелге үйленер ме едіңіз?

a) Иә, үйленемін. Махаббат жасқа қарамайды. Ең бастысы, ақшасы бар

b) Иә, үйленемін. Жасы маңызды емес. Маған оның ақшасы керек-ақ

c)  Иә, үйленемін. Біраз уақыт бірге өмір сүріп, ақшасын алып алған соң, ажыраса саламын.

d) Жоқ, үйленбес едім.

5. Бес миллион еуроға қандай дүниені сата алмас едің?

a) Білмеймін. Ойланып көру керек екен

b) Жақындарымды. Ал ұсақ-түйек дүниелерді ойланбастан сата салар едім.

c) Ата-әжемнен қалған мұраны

d) Өзгеге зардап тигізетін бомба, қару-жарақ т.с.с. дүниені ешуақытта сатпас едім.

6. Қайырымдылықпен айналысасыз ба?

a) Жоқ, керек болса маған көмектессін

b) Кейде-кейде

c) Аз болса да ара-тұра көмекке зәру жандарға беріп тұрамын

d) Ақша бере алмасам да, жетім балалар мен қарттар үйіне барып, шамам келгенше көмектесемін.

7. Қай салада аса танымал болғыңыз келеді?

a) Театр, кино, сахна

b) Бизнес, саясат

c) Танымал болғым келмейді

d) Өз ортамда ғана танылсам жеткілікті

Қорытынды

Тест сұрақтарына жауап бергенде...

А нұсқасын ең көп белгілесеңіз сіз ақшақұмар жансыз. Сіз үшін ақшаның маңызы зор. Бақытты да, байлықты да ақшаға сатып алуға болады деген ойдасыз. Ақшаны ақылмен жұмсауды емес, оны керісінше мүлдем жұмсамауды қош көресіз. Сіз үшін қалталы болу үлкен мәртебе

В нұсқасын ең көп белгілесеңіз сіз ақшаға бей-жай қарамайсыз. Ақшалай жүлде ұтып алсам, ауқатты алыс туысқандарым табылып қалса дейсіз. Ақшаны еңбек етіп тапқанша, оңай жолмен тапқан әлдеқайда жеңіл әрі дұрыс деген пікірдесіз. Сіз үшін ақша - әуелі қауіпсіздік.

С нұсқасын ең көп белгілесеңіз сіз көрпеңізге қарап көселетін жандардың бірісіз. Ай сайын келіп тұратын еңбекақы я шәкіртақыға шүкіршілік білдіресіз. Ақшаға аса құштар емессіз, алайда ойда-жоқта ақша тауып алсаңыз я ұтысқа кенелсеңіз оны бақыт деп білесіз. «Асықпаған арбамен қоян алады» дегендей, бір сәтте бай болып кетуге болмайды деген ойдасыз. Әр нәрсенің өз орны бар. Сіз үшін ақша – келіп-кететін дүние.

Д нұсқасын ең көп белгілесеңіз сіз барға қанағат білдіретін жансыз. Ақша сіз үшін аса маңызды емес. Жоқты жоқ, барды бар деп бағалайсыз. Сіз үшін ақша – қолдың кірі.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: myday.ru

Дерек көзі: psitest.com.ru

Ғ. Ұзақ