Тест. Адаммен сөйлесе аласыз ба?

Тест. Адаммен сөйлесе аласыз ба?
Фото: datingwriter.de

Төмендегі сұрақтарға шынайы жауап беру арқылы өзіңіздің қаншалықты сөзшең екеніңізді және бейтаныс адаммен достаса алатындығыңызды білесіз. 

1. Бір адаммен алғаш рет кездесер кезде уайымдайсыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

2. Көпшіліктің алдында баяндама оқуға немесе сабақ айтуға қиналасыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

3. Қанымызға сіңген қасиет бойынша дәрігерге соңғы мезетте ғана барасыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

4. Жұмыстан бұрын-соңды барып көрмеген қалаға іссапармен жіберсе, барасыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

5. Жан дүниеңізде бұғып жатқан сырларыңызбен бөлісесіз бе? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

6. Көшеде бейтаныс адамдар жол сұраса ашуланасыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

7. Әртүрлі буында тәрбиеленген адамдардың тіл табысуы қиын деп ойлайсыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

8. Жақын досыңызға қарызға ақша беріп, артынша қайтар деп айтуға қысыласыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

9. Асханада сапасыз тағам ұсынса, жанжал шығарасыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

10. Бейтаныс адаммен оңашада қалсаңыз, сөйлесесіз бе? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

11. Дүкенде немесе кітапханада үлкен кезек тұрғанын көрсеңіз, қатарларына қосыласыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

12. Өзгелердің даулы мәселелерін шешкенді жақсы көресіз бе? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

13. Өнерді өзіңіздің талғамыңызбен ғана бағалайсыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

14. Біреудің сіз білетін жауапты қате айтып тұрғанын білсеңіз, түзетесіз бе? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

15. Өзгелердің жұмыс пен сабаққа қатысты өтініштері сіздің ашуыңызды келтіре ме? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

16. Ойыңызды айтқаннан қағаз бетіне жазып жеткізгенді ұнатасыз ба? 

А) Иә – 2 ұпай 
Ә) Жоқ – 0 ұпай 
Б) Кейде – 1 ұпай 

Жинаған ұпайларыңызды қосыңыз. 

Жауабы: 

30-31 ұпай: Сізді бейтаныс адамдармен жылдам сөйлесіп кетеді деп айту қиын. Бұл мінезіңіздің зияны бірінші кезекте өзіңізге тиюде. Достарыңыз да сізбен тіл табысуға қиналады. Не себепті әңгімелескіңіз келмейді? Жаныңызда қызықты әңгіме айтатындай адамдар жоқ па? Бұл қасиетіңізден арылу үшін, өзгелерге сұрақ қойып үйреніңіз. 

25-29 ұпай: Көп сөйлеспейсіз. Жалғыз қалғанды ұнатасыз. Достарыңыз да аз. Жаңа адамдар мен жаңа жұмыс жайсыздық сезімін тудырады. Бұл мінезіңіз өзіңізге де ұнамайды. Жақсы әңгімелер айтып, тыңдай білу сіздің қолыңыздан келеді. 

19-24 ұпай: Сіз жалпы сөзшең адамсыз. Бейтаныс адамдармен оңай тіл табысасыз. Өміріңізде болып жатқан өзгерістерден еш қорықпайсыз. Десе де көпшіліктің алдында сөйлегенді ұнатпайсыз. Неге екені белгісіз, достарыңыздың сыртынан мысқылдап, күлгенді ұнатасыз. 

14-18 ұпай: Сіздің дүниетанымыңыз кең, шыдамды, сабырлы әрі әңгімелесушіңізді тыңдай білетін жансыз. Жаңа адамдармен жолыққанда еш қысылмайсыз. Бірақ шулы той-думандарға барғанды ұната бермейсіз. 

9-13 ұпай: Сіз көпшіл адамсыз. Өкінішке орай сізді жақсы көрмейтіндердің саны көп. Олар сіздің көп нәрсені білуге деген құмарлығыңызды, қызуқандылығыңызды және сөзшеңдігіңізді жақтырмайды. Көпшіліктің назарында, той-думанның ортасында болғанды жақсы көресіз. Маңызды мәселелерді шешу үшін, аздаған ұстамдылықты үйренгеніңіз абзал. 

4-8 ұпай: Сіз барлығымен жақсы қарым-қатынастасыз. Олардың әрқайсысы туралы мәліметтеріңіз көп. Әртүрлі тақырыпта сөз қозғағанды ұнатасыз. Кез келген жағдайда өз ойыңызды айтып қалғыңыз келеді. Соңына дейін жеткізе алмайтындығыңызға қарамастан, барлық іске білек сыбана кірісіп кетесіз. Сізден адамдардың не себепті қашатынын енді түсінген боларсыз? 

3 ұпайдан төмен: Сіз шамадан тыс көп сөйлейсіз. Жылдам ренжисіз. Өзіңіз білмейтін мәселелерге пікір білдіресіз. Басқа адамдарды сыйлап үйренгеніңіз жөн. 

 

Г. Берік