Соғыс кезінде жаза лагерінде көптеген тар қамау орындары салынған еді. Бұл қарапайым түрмелердің барлығында тек бір-бірден кішкентай терезелер бар болатын. Тұтқындарға берілген жалғыз мүмкіндік – әр күні таңертең олар кезекпен осы кішкене терезеден сыртқы дүниеге көз салуға рұқсат алатын. Бірақ уақыт тым қысқа болатын.
Бір үйге қамалған екі тұтқынның бірі үнемі терезеден зеңгір көкке көз салып, әр жолы көк аспандағы құстардың емін-еркін қалықтап жүргенін көргенде, жүзінен қуаныш лебі есіп, іштей кеңіп сала беретін; Ал екіншісі үнемі терезеден биік дуалдар мен темір торларды, әскери қарауылдарды көретін. Сол сәтте, оның рухани жан дүниесі жайсызданып, іштей дегбірі қашып, тыныштала алмайтын. Уақыт өте келе, соңғысы осы торығудан дүние салады. Ал алдыңғысы табандылықпен құтқарылғанға дейін жап-жақсы өмір сүріпті.
Адам баласының өмір жолы да осы секілді. Кейде бірдей шарт-жағдайда ішкі жан дүниенің өмірге деген әртүрлі көзқарасынан бір-біріне мүлде қарама-қайшы рухани күй пайда болады.
Адамның рухани жан-дүниесі өз тағдырын белгілейді. Тұрмыс барысында үнемі өзімізді жазғырып, кейіген, үмітсізденген сәттерде, көңіл-күйді орнықтырып, зеңгір көкке қарағандай ләззат ала білсек, айналамызда көптеген тамаша дүниелердің бар екенін, болашақтың нұрлы екендігін байқай аламыз.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com