- Негізгі бет
- Психология
- Телефонға үңілу әдетін...
Телефонға үңілу әдетін дудлингке алмастырайық
Ұзақ кезекте тұрып, жалығып, зеріксек, кейбіріміз телефонға үңілеміз де қаламыз. Ғаламтор әлеміндегі әлеуметтік желінің жетегінде жүріп, уақытымызды оңай "өлтіреміз". "Мұның не" дегенге, кітап оқып та жалықтым, бұдан басқа ермек жоқ дейтін достарымыз да табылады. Оларға мынадай кеңес беріп көріңіз.
Мұндай уақытта телефонға телміріп отыру сізге қауіп төндіруі мүмкін. Біріншіден, кезекті күтемін деп шаршаған төзіміңіз бұл әдіспен сап тыйыла қоймайды. Екіншіден, сізді қажытады. Одан да параққа қарындашпен (не қаламмен) шимайлап сурет салыңыз. Әлемде шимайлап сурет салып, сол ізге "түсіп кетіп" жүрген адамдар көп кездеседі екен. Бұл көркемөнерді "дудлинг" деп атайды. Шимайларды біртұтас етіп, басқа кескін шығаратын бұл өнер кім-кімді болса да қызықтыруы мүмкін. Себебі, бұл бала шақтағы бояйтын суреттерге (раскраска) қатты ұқсайды.
Александр Пушкин, Джон Китс, Томас Джефферсон, Рональд Рейган және Билл Клинтон секілді ірі тұлғалар осы өнерге өте жақын болған екен. "Дудлинг" "шимайлап сурет салу" деген мағынаны білдіреді. Бұл туралы Санни Браун есімді жас дәрігер зерттеген екен. Ол өз еңбегінде бұл әдістің жүйелеуді, есте сақтау қабілетін, ойлауды, іске тың көзбен қарауды үйретеді екен. Бір жағынан өнерге, екінші жағынан төзімділікке баулиды екен. Егер алты адам бір раушанды алты түрлі етіп шимайлап салса, сол суреттен алты мінез, алты көңіл күй, алты психология, алты стиль көрінеді. Демек, шимай арқылы сіз өзіңізді тани аласыз.
Г. Берік