Әдемі қызбен таныстықтан соң онымен қайта көріскіңіз келеді. Мұндайда шығатын бір ғана жол бар - оның телефон нөміріне қол жеткізу. Ал мұны қалай сұрау керек? Байқаңыз, бет алды сұрай салып, бетіңіз қайтып жүрмесін.
Оның телефонындағы тізімдер қатарында тұрғыңыз келсе, мына қадамдарды үйреніп алыңыз.
Алдын ала жоспар құрыңызЕгер бірінші кездесуден-ақ көңіліңізден шығып, онымен байланысты орнатқыңыз келсе, келесі кездесуге жоспар құра бастаңыз. Мысалы үшін, ол табиғат аясында серуендегенді жақсы көреді делік. Оған қыдырыстау үшін тамаша бір жерді білетініңізді айтыңыз. Ол сонда апаруыңызды өтінсе, міне - дәл қазір оның нөмірін алуға сәт туындайды. Сонда сіз: "Онда ертең осында кездесейік, тек сіз маған нөміріңізді алдын ала беріп қойыңыз. Ертең бір-бірімізді таппай жатсақ..." деңіз. Болды, бітті! Арманыңыздағы қыз әзірге сіздің алақаныңызда...
Сенімді көрініңізОның нөмірін сұрамай-ақ алуға болады. Қалай? Жай ғана оның бетіне қараңыз да: "Мен сізбен тағы да кездескім келеді. Міне, менің телефоным!" деп оған қарай ұялы телефоныңызды ысырып қойыңыз. Мұны түсіну қиын емес. Егер ол да сізге "кет әрі" болмаса, сіз бұл сенімділігіңізбен оған бір табан жақындайсыз.
Қулықтың мұндайда саудасы жүреді"Кешіріңіз, менің телефонымның қуаты таусылып қалды. Сіздікімен біреуге қоңырау соқсам бола ма?" деңіз де, өзіңізге зуылдақ (гудок) тастап алыңыз!
Оның алдына блокнот қойыңыз:
- Мұнда нөміріңізді жазыңызшы....
- Ол не үшін?
- Жазсаңызшы, бір ойын ойнаймыз. Қазір сізді бір тосын сый күтіп тұр.
Мәреге жетуЕгер, нөмір алу тіпті қиынға соғып жатса, ол сыртқа шығып кеткенде жоғарыдағы қулықты жүзеге асырыңыз. Әрине, егер қалай да алу керек болып жатса...
Нөміріне қол жеткіздіңіз бе? Енді не кедергі? Ұзағынан сүйіндірсін!
Ескерту!
Нөмір сұрағаныңыз үшін ешқашан да кешірім өтінбеңіз! Оның нөмірін алған соң, хабарласпай жүріп алмаңыз. Ол сізден қоңырау күтеді, ұмытпаңыз!Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: axeeffect.ru, 1tv.ru, k1.kz