Теледидарға тәуелділіктен арылу жолдары

Теледидарға тәуелділіктен арылу жолдары

«Сүйіктілерінің теледидардан бас алмауы» - әйелдер қауымы үшін үлкен сын. Әдетте мына бір қызықты бағдарламаны көре салайын деп басталып, артынша теледидарға деген тәуелділікке ұласады. Қызықты бағдарламалар мен телехикаяларды отбасының басқа мүшелері де көргісі келетіндігін ұмытып, олармен санаспайтын болады.

Теледидарға қызығатындықтары соншалық, кей жағдайда жанында отырған сұлу әйелін де елемейді. Мұндай жағдайда не істеуге болады? Өкінішке орай теледидардың иісі бар әтірлер ойлап табылмағандықтан, оған тәуелді адамдардың назарын басқа арнаға бұру өте қиын.

Теледидарға тәуелділік қалай көрініс табады?


Үйге кіре салып киім ауыстырмай жатып, теледидарды қосу. Артынша жиһазға жайғасып, пультті құшақтап отыру. Үйде жан баласы жоқтай сезімде болып, арналарды қайта-қайта ауыстыра беру. Ондай адамдар «Мен шаршадым, аз уақыт демалып алайыншы» деген сөздерді жиі айтады. Теледидарға деген тәуелділік уақытты ғана өлтіріп коймай, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа зиянын тигізеді. Адамдар бір-біріне қамқор болуы тиіс. Онсыз су ішпеген гүлдей солып қалады.

Теледидарға деген тәуелділік қаншалықты зиян?


- қоршаған ортадағы жаңалықтардан бейхабар қалдырып, өмірге деген қызығушылықты жояды.

- жақын адамдармен қарым-қатынасты бұзады.

- адам барлығын іште сақтауға дағдыланады.

- өмір сүруге деген белсенділікті төмендетеді.

Теледидарға қоса оның алдында отырып тамақ жеу әдеті қосылса, артық салмақ жинап алуы да мүмкін. Түрлі бағдарламалар мен телехикаяларды қарап отырып, қанша тамақ жегенін ұмытып кетеді.

Теледидарға тәуелділік қалай пайда болады?

1. Ол адамдар бала күнінен теледидардың үнемі қосылып тұратындығына дағдыланып кеткен болуы мүмкін. Мұндайда көп жылдар бойы қалыптасып қалған әдеттен арылу қиынға соғады.

2. Өмірден жалығып, күйзеліске тап болған адамдар теледидар қарауға бейім келеді.

3. Соңғы жағдайда адам ешнәрсеге қызықпайтындықтан, бар жұбынышын теледидардан іздейді. Көк жәшіктегі өзге адамдардың өмірін бақылаумен болады.

Мұнымен қалай күресуге болады?


1. Тәуелділік шектен асып кетпеген жағдайда орнын басқа нәрсемен алмастыруға болады. Яғни  қызығушылығын басқа арнаға бұрған жөн. Спортпен айналысу, балық аулау, әуен тыңдау, гитарада ойнау, кешкі романтикалық астарға бару және т.б.

2. Оларға мұның ауру екендігін айқаймен түсіндірудің қажеті жоқ. Оны ең алдымен өздері түсінуі тиіс. Теледидар өшіп тұрған жағдайда, мұндай адамдар мазасызданып, жайсыздықты сезінеді.

3. Мұның ауру екендігін түсінген соң, шешімін бірге ойлап табуға болады.

4. Теледидар қарауға арналған арнайы уақытты белгіліп, ішінен ең таңдаулы деген бағдарламаларды ғана көрген жөн.

5. Теледидарды бірге қарауға келісіңіздер. Бастысы өзіңіз де тәуелді болып қалмаңыз. Оны қажет уақытында өшіру үшін отырғандығыңызды ұмытпаңыз.

6. Кешкі уақытта үйде болмауға тырысыңыздар. Мысалы, таза ауада серуендеп келуге болады.

7. Тәуелді адам теледидардың алдында отырған кезінде ешқандай да мәселесі шешілмейтіндігін түсінгені жөн. Нағыз өмір экранның сыртында болып жатыр.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fisnyak.ru

Қ. Бүйенбай