Әр адамның тазалық туралы түсінігі әртүрлі. Кейбіреулер тазалық сақтау әр адамның жеке ісі, онда ешкімнің жұмысы болмауы керек деп ойлайды. Алайда бұл жаңсақ пікір екенін естен шығармағайсыз. Себебі "тазалық — денсаулық кепілі". Тазалық — салауатты өмір сүрумен байланысты этикалық түсінік. Назарларыңызға осы мәселеге байланысты психологиялық тест ұсынамыз.
1. Үйді толық тазалап біткен соң, өзіңізді қалай сезінесіз?
а) Өте шаршаңқы. Осы жинағаным кем дегенде бір жылға жетуі керек.
ә) Жақсы сезінемін. Бастысы үй тазаланды, әрі өзіме де жағымды.
б) Көңілім толмайды. Себебі алда әлі қаншама жұмыс бар.
2. Сүйікті апайыңыз қонаққа келді. Сіз...
а) Қуанып кетіп онымен бірге сүйікті кафеңізге барасыз.
ә) Әдеттегідей үйдің бәрін тазалап, жарқыратып тастайсыз.
б) Абыржып қаласыз. Үйдегі абажурлар мен карниздерді тазалауға кірісесіз.
3. Кір жуғыш ұнтағыңызды қашан өзгерттіңіз?
а) Білмейсіз. Себебі көзіңізге түскенін ала бересіз.
ә) Дүкенде қоршаған ортаны азырақ ластайтын ұнтақ түрі пайда болған кезде.
б) Бір ай бұрын. Әрдайым жаңа өнімді сатып алуға тырысасыз.
4. Сіз үйді тазалап жатқанда жолдасыңыз газет оқып отыр...
а) Оның газетін алып сіз де оқуға кірісесіз.
ә) Сізге кедергі келтірмейтін жерде отырып оқысын.
б) Ұзақ уақыт бойы үй тазалап жүргеніңізді көре тұра көмекке келсе де болар еді.
5. Сағат түнгі 12. Қонақтарыңыз енді ғана тарқады. Ал сіз...
а) Ұйқыға аттанасыз. Дастарқанды ертең жинауға да болады ғой.
ә) Күлсалғышты тазалап, ыдыстарды ас үйге тасып қоясыз.
б) Дереу үйді жуып-тазалауға кірісесіз. Таңертең үйіліп тұрған ыдысты көргіңіз келмейді.
6. Жан досыңыздың үйіне қонаққа келдіңіз. Үйі шашылып жатыр. Сіз не ойлайсыз немесе не айтасыз?
а) Оны тіпті байқамайсыз да.
ә) "Мен тазалық сақшысы емес, жай ғана досымын ғой".
б) "Үйді осылай шашып тастауға бола ма екен, қанша рет айттым...».
Нәтижесі:
Егер жауаптарыңыздың басым бөлігі
«А» нұсқасы болса: Ұқыптылықты аса жақсы көретін адамға ұқсамайсыз. Егер өзіңізге бұл ыңғайлы болса, онда жақсы. Бірақ өзгелермен бірге тұрып жатқанда, олардың да пікірімен санасып, олардың өмір тәртібін құрметтегеніңіз жөн.
«Ә» нұсқасы: Сізге үйдің таза тұрғаны ұнайды. Бірақ сол үшін шектен шығып кетуге жоқсыз. Өз мінеттеріңізді атқарып болған соң, өзіңізге ұнамды істерге де уақыт бөлесіз.
«Б» нұсқасы: Тазалықты тым жақсы көресіз. Соған байланысты өзіңіздің бос уақытыңызды дұрыс өткізбей, жоғары талаптар қойып, өзгелердің де өмірін қиындатып жібересіз. Абай болыңыз: шаңмен бірге үйдің берекесін де сыпырып тастамаңыз.
Дереккөз: anabol.kz