- Негізгі бет
- Психология
- Тәуліктің ең бақытты...
Тәуліктің ең бақытты бөлігі
Зерттеушілер 600 миллион твитті зерттеп анализ жасай келе жұрттың көпшілігі өзін желтоқсан, қаңтар айларында бақытты сезінетіндігін анықтапты.
Зерттеу жұмысы 2 жыл уақытты алған. 2,5 жарым миллион адамның жазбаларына талдау жасаған ғалымдар олардың желтоқсан және қаңтар айларында қуанышқа бөленіп, шаттыққа кенеліп жүретіндігін айтты. Бұл нәтиже жаңа жыл мейрамымен байланыстырылып отыр.
Ғалымдар бұдан бөлек "тәуліктің ең бақытты бөлігін" анықтаған. Олардың айтуынша, халықтың көңіл-күйі таңертең көтеріңкі болғанымен, кешке таяған сайын қабақтарынан қар жауа түседі.
Твиттердегі хабарламалардан эмоцияны білдіретін сөздерді арнайы іздеген зерттеушілер таңертең позитивке толы посттардың, кешке таман негативтің көп екендігін анықтаған.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: wagyg.ru