Орыс жазушысы, бірнеше әлемдік бестселлердің авторы Вадим Зеланд өз кітаптарында да, сөйлеген сөздерінде де афоризмге айналарлық, адамға өзгеше көзқарас қалыптастырарлық ойлар айтқан. Солардың бірқатарын назарарыңызға ұсынамыз. Нашар ауа райынан да ләззат алуды, кезекке тұрудың, кептелісте отырудың, мәселелер тууының, кез келген негаитвтің жақсы жағын көре білуді үйреніңіз. Жағдайдың сізге пайдасы тиетін тұсын ойлаңыз. Кез келген істің қайыры бар. Жай ғана қалап жата беруді қойып, қалағаныңызға қол жеткізуге талпынған кезде ғана ол сіздікі болады. Бәрінен сабыр сақтап күту қиын. Күту уақытын да бағалап, бір сәт барлығынан демалыңыз. Футболист, басқарма, ауа райы, көршілер, жақындарға сөгіс айтып, көңіліңіз толмау арқылы әлем айнасына жағымсыз образ қалыптастырасыз, өзіңіз де сол айнадағы образбен қалыптасып кетесіз. Біреуге анау ұнамайды, біреуге мынау ұнамайды. Өзіңмен өзің болсаң, ешкімге ұнауға тырысудың да қажеті шамалы. Ненің суретін салсаңыз, соны көресіз. Мәселе мынада: адамдар көрген нәрсесінің суретін ғана салады. Айырмашылықты байқадыңыз ба? Егер қалыптасқан көзқарастарды бұзып, қоғамдағы жетістігіңізді емес, өз мақсатыңызға толығымен жетуді ойласаңыз, осындай жағдайда ғана таңғажайып орнайды. Егер әлдебір уақытта әлемде бір нәрсе дұрыс емес секілді көрінсе, демек сіз енді ояндыңыз, өте жақсы! Ешқашан өмірге өкініш айтуға болмайды. Қай жаста болсаңыз да, өмірім босқа өтіп жатыр не үнемі жолым болмайды деген секілді ойлар басыңызға кіріп те шықпасын. Кез келген уақытта өмірдің өзіңізге ұнамайтын тұсын өзгертіп, тіпті жаңа өмір бастауға болады. Қартайған болсаңыз да.