Таңдауыңыз не? (Тест)

Сіздің мінезіңізге және өмірлік көзқарасыңызға сәйкес келетін сөйлемдерді таңдаңыз. Қай цифр көп болса, сол жауап сәйкес келеді.

1 Сіздің ойыңызша, дәстүр, наным-сеніммен жүру іш пыстырады. Оларды бұзу сіздің қолыңыздан келеді.

2  Сүйікті ісіңізге бөгет келтіретін жандар сізге ұнамайды.

3  Уақытыңыздың көп бөлігін жұмыс үстелінде өткізесіз.

4  Ыңғайсыздыққа жиі тап боласыз, бірақ бұл сізге әсер етпейді.

1 Шпаргалка жазу сізге ұнамайды. Ғаламтордан іздеп тапқан әлдеқайда тиімді.

2 Сізге үнемі көңілді жүретін адамдар ұнайды, себебі өзіңіз де көңілдісіз.

1 Соңғы шыққан самртфондарды тез танисыз.

5 Жаңа ортада өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз.

3 Дүкеннен киім емес, суретке арналған жиек, кішкентай жастық, құмыра сатып аласыз.

6 Алда болатын жағдайларға қалай жауап беретініңізді білмейсіз.

5 Өзгелерді ойынан тез айныта аласыз.

7 Өзгелердің сізге көңіл бөлгенін қалайсыз.

2 Сүйікті ісіңізден ажырағыңыз келмейді. Бір бастасаңыз, ішкен асыңызды жерге қоясыз.

6 Шашты жасыл түске бояу сізге ұнайды.

7 Фильм көңіліңізден шықса, басты қаһарманның рөлінде өзіңіз ойнағандай айтып бере аласыз.

4 Әртүрлі қызықты жайттардан құр қалғыңыз келмейді.

5 Анаңыз үнемі бас киім киюді ескертіп отырады. Қысқасы, сізге ескерту айтқан ұнайды.

4 Берген уәдені естен жиі шығарасыз, сондықтан көпшілік сізге сене бермейді.

7 Өміріңізде естен кетпейтін оқиға орын алса, мұны тек күнделігіңізге ғана айта аласыз.

8 Белгілі бір хоббиіңіз жоқ, барлық нәрсені жасап көргіңіз келеді.

6 Көпке жоспарыңызды айта бермейсіз, нәтижесін көрсетесіз.

8 Таңертең – би, күндіз – жұмыс, кешке – теннис, демалыс күндері – тамақ әзірлеу. Мұның бәріне қалай үлгеріп жүрсіз?

5 Күн тәртібімен жүру – заңдылық.

8 Достарыңыз бас қосып жиналса, бәрі сіздің ұйымдастыруыңызбен өтеді.

3 Сіздің жұмыс үстеліңіз сүйкімді ойыншықтармен, естелікке түскен суреттермен толып тұр.

1 Жалғыз өзіңіз саяхатқа шығып кете аласыз.

3 Уақытымен жүру, тазалық, салмақтылық – сізің басты артықшылығыңыз.

8 Көлікті 220 км/сағат жылдамдықпен айдаған сізге ұнайды.

4 Ортаның гүлісіз. Айналаны думанға бөлеп жүресіз.

3 Шыдамдысыз.

2 Өзіңізге ұнайтын жұмысты ғана жасағыңыз келеді.

7 Сізге біреудің гүл сыйлағанын ұнатасыз. Олар солып кетсе де, романтикаға толы болған ұнайды.

2 Сіздің кітап сөреңіз кітаптаран сынып кетейін деп тұр.

6 Сіздің жасаған тірліктеріңіз өзгелерді қатты қызықтырады, себебі ешкімнің ойына келмеген

1 Жаңа дүниелерге жай икемделесіз.

6 Қандай маман иесі болатыныңыздығы әлі анықтамадыңыз. Сізге бәрі іш пыстырарлықтай көрінеді.

5 Сіздің сөмкеңізде дәрі, күннен қорғайтын көзілдірік, қолшатыр, аяқ киім тазалағыш, артық қалам және медициналық пластырь жүреді.

7 Кішкентай сіңліңізбен ойыншықтар дүкеніне барғанда өзіңізге де ойыншық ала шығасыз.

8 Жетістікке өз бетіңізбен жету – өмірдегі басты құндылығыңыз.

Жауабы