- Негізгі бет
- Психология
- Тамақтану әдебі ...
Тамақтану әдебі
Қазіргі қоғамның этика мәселесінде дұрыс тамақтану да өнер. Кез келген мейрамхана, кафе секілді тамақтану орындарында өзіңізді қалай ұстаған жөн? Біле жүрейік.
Мейрамханаға кіргенде ер адам бірінші болып бос орын сұрағаны дұрыс, есікті де ер азамат бірінші болып ашқаны абзал. Даяшыны шақыру үшін жай ғана қолмен немесе баспен ымдап, белгі беру керек. Алдыңызға әкелген тамаққа көңіліңіз толмаса, жай ғана қонақ кітапшасына ескертпе жазсаңыз жеткілікті. Асығыс болсаңыз, дастарқан басындағылардан рұқсат сұрап барып орныңыздан тұру керек.
1. Қуырдақты пышақ және шанышқы арқылы жейді. Майды арнайы пышақпен сылып аламыз, нанды таңдап отыру дұрыс емес.
2. Балмұздақты арнайы вазаларда, крем мен желені кішігірім табақшада жеген дұрыс. Оларды шай немесе десерт қасығымен жейді.
3. Ет котлеттерін, шницел, тефтели тағамдарын ұсақтап алып жеген жөн.
4. Мейрамханаларда спагетти тағамына немесе сорпа өнімдеріне тапсырыс бермеген жақсы. Себебі, сораптап, шырынын тамшылатып отырған өзіңе де, өзгеге де ыңғайсыз. Спагеттиді шанышқымен орап, тәрелкеге сағат тілімен салу керек.
5. Авокадо жемісін екі бөлікке бөледі, сүйегінен тазартады. Ішіндегі орынды ащы салатпен немесе теңіз шаянымен толтырады. Ішіндегі салатымен қоса авокадоны жей салған әдепсіз көрінеді. Әуелі десерт қасығымен арнайы салатын жеп алған жөн. Қабығы өте ащы жеміс. Сондықтан қасығыңызды тигізіп алмай, абай болыңыз.
6. Кез келген жемісті пышақпен кесіп жеген әдепті көрінеді. Жемес бұрын міндетті түрде сүйегінен тазартып алған дұрыс.
7. Көже тағамын тереңдеу ас тәрелкесіне салып береді. Ауыз толтырмай, бір тұтқалы орташа қасықпен ішкен дұрыс. Арнайы көжелерді сарымсақты нанмен жеген қолайлы.
8. Десерт ретінде чизкейк, тирамису, жемісті торттар немесе тәтті тоқаштарды таңдайсыз. Таңдау барысында даяшыдан арнайы құты тәріздес ыдысқа салынуын сұрасаңыз, орындауы тиіс. Сол кезде жеуге ыңғайлырақ болады.
9. Шарап таңдағанда жартылай тәтті қызыл немесе тәтті ақ шарапты таңдаған дұрыс. Шарап ыдысына толтырмай, түбінен ғана құйылуы керек.
10. Теңіз тағамдарын таңдау барысында және саңырауқұлақ өнімінен жасалған тағамдарды таңдағанда абай болыңыз. Олар тез бұзылу қаупі жоғары өнімдер болып есептеледі.
Ә. Жутаева