- Негізгі бет
- Психология
- Талант жас талғамайды...
Талант жас талғамайды
Әр адамда көмескі дарын болады. Ал сол көмескі дарын ешқашан жас талғамайды. Мұны дәлелсіз айтып отырған жоқпыз. Бала күнімізде бәрін есейген соң істеймін дейміз. Ал қартайғанда «әттең, жас күнім қайта келер болса ғой, бәрін тындырар ем. Қазір кеш» деп өкінеміз. Бұл жер бетіндегі табысқа жете алмаған адам біткеннің психологиялық әлжуаздығы ғана. Әр іске дер кезінде кіріскен жөн секілді. Отызында жаспын деп жүре бергеннен он бесінде баспын деп белін буынғанға не жетсін.
Біз өз ұрпағымыздың талантын бала күнінде-ақ байқаймыз. Әрбір ата-ана сол талантты баласын мақтаныш тұтады. Ал ең үлкен қасіретіміз – бауыр ет баламыздың сол талантын ұштауға жағдай жасау жағынан қашан да кешігіп жүреміз.
Біз төменде бала күнінен-ақ талантын ұштап немесе қартайған шағында да көміліп қалған дарынын маздатып, табысқа жеткен ұлылар туралы толғанып көрелік.
Әйгілі музыка пірі Моцарт үш жасында күйсандықта ойнап, әр естіген музкасын бірден қағып алатын болған. 35 жасында жүрек ауруынан қаза тапқан.
Польшаның атақты күйсандық шебері, күйшісі Шопен жеті жасында күй шығарып, шығармашылықпен айналысқан. 39 жасында өкпе ауруынан қаза тапқан. Мүмкін бұл екі музыка алыбы шалқар шабытын жас күнінде шығармашылыққа арнамағанда тарихта аты қалмас па еді?!
Эдисон 10 жасында әкесінің жер асты бөлмесінен өзіне тәуелді жеке тәжірибеханасын ашып, әлемдегі ең ұлы тапқырлықтарының алғашқы қадамын бастап кеткен.
Гэлуд Эде 12 жасында 1919 жылғы қыздардың 800 метр еркін малту спортында әлемдік рекорд жаңартқан.
Боби Фишер 15 жасында халықаралық ең жас шахмат шебері атанған.
Дэн Остин 21 жасында әйгілі шығармасы «Тәкаппарлық пен сыңарезулікті» жазған.
Элена Келлер 22 жасында әйгілі өмірбаяндық кітабын баспадан шығарған.
Чарльз Линдберг 25 жасында жалғыз өзі Атлант мұхитынан ұшып өткен.
Дженни Бейли 28 жасында кәсіптің тор доп түрінен әлемдегі бірінші әйел спортшы атанған.
Ал кейбіреулер 40 жастан кейін табиғи талантты ашу мүмкін емес деп жатады.
Магет Фонтейн 42 жасында ғана әлемге әйгілі балет бишісі болып сахнаға шыққан.
Джон Кеннеди 43 жасында Американың ең жас президенті болған.
Маргарет Тэтчер ханым 53 жасында Ұлыбритания тарихындағы тұңғыш әйел бас уәзір болған.
Франсис Техас 64 жасында жалғыз өзі серуен қайығына отырып бүкіл әлемді шарлаған.
Черчилль 65 жасында Ұлыбританияның бас уәзірі болып, Гитлермен дәуір бөлгіш соғысты бастаған. Ал 84 жасында парламент сайлауына түсіп, теңдессіз талантын әйгілеген.
Анна Мари Робертсон 75 жасынан бастап сурет салумен айналысып, сексен жасында өзінің тұңғыш рет жеке көрмесін ұйымдастырған.
Бэнджамин Франклин 81 жасында АҚШ кеңес өкілдерінің пікір алауыздығын шеберлікпен жөнге салып, АҚШ-тың негізгі заңын мақұлдаған.
Сіз қанша жастасыз? Қиялыңыздағы «жетпес» қиялға талпынып көргіңіз келе ме?
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: lady.tsn.ua, velikiymocart.com, baidu.com
Қ. Қауымбек