Тағы бір рет...

Әр рет сәтсіздікке ұшырағанда, ең алдымен не ойлайсыз? Азаптанып, өзекті өкініш өртей ме, жоқ әлде тағы бір рет орай болса, осы  өкініштеріңіздің орынын толтыруға құлшынасыз ба?

Әрине, бәріміз де тағы бір рет орайдың болуынан үміт етеміз. Айналаңыздағылардың назарындағы тағы бір реткі орайдың қаншалықты маңызды екенін білгіңіз келе ме? Ұзақ уақыт бірге тұрмыс кешірсе де, дәм-тұзы жараспаған бір жұп некеден ажырасар сәтте әйелінің көз жасы көл болып: «Егер тағы бір рет өмірге келсем, сен сияқты сіңірі шыққан кедейге қор болмай, бай біреудің етегінен ұстап еркін өмір кешер ем» десе, жігіт: «Егер тағы бір  рет өмірге келер орай болса, ақша тауып, байлық жинап, сені сатып алып көл-көсір тұрмысқа кенелтер едім...» дейді.

Ауру меңдеп қал үстінде жатқан қарт ана балаларына: «Ұрпағым, мен сендерге ұяттымын, әкелерің дүниеден ерте өтті, сендерді ержеткізу үшін ауыр азап тарттым. Сендерді адам қатарына қостым, тек сендерді елдің баласы сияқты шетелге жіберіп оқыта алмадым, менің жаныма ең бататыны да осы. Сендерге жоқшылық көрсетпей ержеткізу арманым еді. Амал не, орындай алмадым, қалған жолдарыңда бір-біріңе сүйеніп өткізіңдер. Адамдық жолымен жүріңдер. Егер аналарың тағы бір рет өмірге келсе, жаулығын сатса да, қайыр тілесе де, сендерді оқытып, білім алғызар еді... Орай болса...» деп үздігіп барып тынысы тоқтады.

Ал біз әрқашан жеңіліс тауып, сүрінген кездерімізде ең әуелі көңілдегі өз осалдығымызға кейістік білдіріп, келер күндерден, алдағы әрбір минуттан өкініштің орнын толтырар саңылау іздейміз де жүреміз.

Әлгі бір жоғалтып алған бақытын тағы бір рет келер деген сеніммен үмітімізді үзбей жүреміз. Жақсылық – адамға бір-ақ рат келер деп мөлшерлеу қате. Бақыт сенің қасыңда. Орай қолыңа күнде келіп қонатын – құс.

Маңыздысы сол әдемі сәтті уақытымен игере білу керек. Тағдыр тырнағын батырып, өмір сені өксіткен кездерінде, тағы бір рет деген сөзді ұмыта көрме. Тағы бір рет құлшын, жығылған орыныңнан тұр!

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: httpcn.com