Біздің бүгін жасаған әрбір әрекетіміз – болашағымыздың айнасы. Егер болашағыңыздың жарқын болғанын қаласаңыз, күнделікті қайталанатын әдеттеріңізге өзгеріс енгізіңіз. Бастапқыда қатты қиналуыңыз мүмкін. Алайда уақыт өте келе келетін күш-қуат сізге жеңістің дәмін сездіреді.
Көшбасшының әдеттерін қайталау арқылы өмірге деген көзқарасыңызды өзгертесіз. Үлкен қиындықтар аяқ астында жатқан тастай болып көрінеді. Оларды оп-оңай аттап өтетін боласыз. Оларды өз салаңызда жеңіске жету үшін пайдаланыңыз.
Табыссыз адамдардың әдеттері:
– әрекетті ойланбай жасау;
– барлығын білемін деп ойлау;
– өзгелерді орнына қоюға тырысу;
– оқудан бас тарту;
– көп сөйлеп, аз тыңдау;
– өзгелерді айыптау;
– негативті нәрселерді жасап, негативке толы нәрселер айту;
– өкіну;
– ашулану;
– қиындықтардан қашу;
– мақсат қоймау;
– сын айту;
– уақытты босқа шығындау;
– оңай берілу;
– ақпаратты жасыру;
– өзгелер жеңіліс табады деп үміттену.
Табысты адамдардың әдеттері:
– өзгелердің қателігінен сабақ алу;
– үнемі алға жылжу;
– өмірге құштар болу;
– жұмыстан ләззат алу;
– күнделікті кітап оқып, жаңа бірнәрсе үйрену;
– нар-тәуекелге бару;
– қиындықтардың шешімін табу;
– қарапайым болу;
– ақпаратпен бөлісу;
– өзгелерге қуаныш сыйлау;
– кешіру;
– идеялармен бөлісу;
– өзгеріске дайын болу;
– ақылды адамдардың жанында жүру;
– өмірдің барлық арнасында баланс сақтау;
– мақсат қою;
– болашақ туралы ойлау;
– өзгелерге қошемет сөз айту;
– істелуі тиіс жұмыстардың тізімін жасау;
– өзінің өмірге келгендегі мақсатын білу;
– өзгелерге табыс тілеу;
– жауапкершілікті мойынға алу.
Табысқа жету мүмкіндігіңіз қандай?
100% - Мен мұны бұрын-соңды да жасап көргенмін
90% - Мен жасаймын
80% - Мен жасай аламын
70% - Мен жасай аламын деп ойлаймын
60% - Жасай алатын шығармын
50% - Менің қолымнан келуі мүмкін
40% - Мен жасағым келеді
30% - Қолымнан келсе, жақсы болар еді
20% - Мен қалай жасау керектігін білмеймін
10% - Мен жасай алмаймын
0% - Мен ешқашан жасай алмаймын
Ал сіздің табысқа жету мүмкіндігіңіз қандай?