Табысқа жеткен адамдар қалай өмір сүреді?
1. Ерте тұру
Барлық табысты адам ерте тұруға дағдыланған. Қала ұйықтап жатқанда күнмен жарысып ояну – жақсы әдеттің бірі. Сіз де ертерек оянуға тырысыңыз. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, тұра салысымен біраз істі бітіріп үлгересіз. Бір айдан соң ерте тұру әдетке айналып, еш қиындықсыз оянатын боласыз.
2. Кітап оқу
Арасында әлеуметтік желіден ажырап, бір сағатты кітап оқуға бөліңіз. Бір аптада бір кітапты оқып бітірсеңіз, бір айда 4 кітапты оқисыз. Жарты жылда өз ортаңыздағы ақылды адамның бірі боласыз. Ой-өрісіңіз кеңейіп, көптеген сұрағыңызға жауап табасыз.
3. Жеңілдету
Барлық мәселені жеңілдетуге тырысыңыз. Түйедей мәселені түймедей етіп көруге тырысыңыз. Сонда жүйкеңіз де қалпында, санаңыз да ашық, ойыңыз да таза болады. Сары уайымға салынып, болмашы нәрселерге бола көңіл-күйіңізді түсірудің еш мәні жоқ.
4. Баяулау
Қарбаласқа түспей, арасында баяулап, тоқтап, дем алуға дағдыланыңыз. Жаңа заманның талабы – шапшаңдық. Дегенмен, ара-арасында қозғалысты бәсеңдетіп, ішкі дауысыңызға құлақ түріп, дұрыс жолды таңдай білу керек. Сонда ғана сіз жаңылыспайсыз. Жоғарыда атап кеткен ерте тұру әдетін ұстанып, таңертең медитация жасауыңызға болады.
5. Жаттығу
Физикалық белсенділік денсаулықты нығайтады. «Уақытым жоқ, қаражат жоқ» деген сөздер – сылтау. Уақыт іздеген адамға табылады, ал қаржы қажет те емес. Себебі спортпен арнайы залда ғана емес, үйде де, аулада да шұғылдануға болады. Барлығы өз қалауыңызға байланысты.
Жалғасы...