Табысты адам мен бейбақтың қандай айырмашылығы бар екенін білесіз бе? 99% айырмашылық біреуінің өз өмірін ұйымдастыра алмауында екен. Тиімді ұйымдастыру – уақытында кедергілерді жойып, нәтижелі қорытынды шығару үшін уақытты тиімді пайдалануға және нәтижесінде көп іс тындыруға бағытталған өте жеңіл стратегия.
Неге кейбір адамдарда бәрі оңай жүріп жатады, ал сіз күнделікті күйбің тірліктен бір қолыңыз босамай, кешкісін істелінбей қалған жұмыстарды ойлап, ұйқыға жығыласыз? Кейбір адамдардың құпиясы мынадай бір қарапайым ережелерді ұстануында.
Табысты, ұйымшыл адамдардың 7 әдеті:
1. Оларда әрбір заттың өз орны бар. Әрбір заттың қолжетімді, ыңғайлы өз орны болады. Кітаптар үшін кітап сөрелері қарастырылған. Конверттер мен құттықтау қағаздар түрлі-түсті бояулармен үстелдің жәшігінде жатады.
2. Олар алған затты қайта орнына қояды. Әрбір зат өз орнынан алынғаннан кейін, пайдаланылып болғаннан соң дәл сол орынға қайта қойылуы тиіс. Уақытша тұра тұратын ешқандай орын болмауы керек. Жай ғана затты пайдаланып болғаннан соң орнына қойыңыз. Бұның еш қиындығы жоқ.
3. Олар бәрін жазып жүреді. Табысты және ұйымшыл адамдар тізім жасайды, белгілейді, күн тәртібін жазады және мұның бәрін бір жерде – электронды жоспарлаушы немесе қағаз күнделікте сақтайды. Олар бәрін бастарында сақтауға тырыспайды, компьютер не қарындашқа олардың есте сақтап жүруіне көмектесуіне ықпал етеді.
4. Олар қағаздардың бума-бума болып жатқанына жол бермейді. Іс-қағаздар мен пошта күнделікті оқылады, қағаздардың бос кеңістікте шашылып жатқанына жол бермейді. Қағаздардың қозғалу жүйесі олардың толассыз жинала беруін қамтамасыз етеді. Қандай да бір қол қоятын мәселелер тезірек қол қойылып, тиісті жерге жіберіледі. Үйдегі коммуналдық қызметтер шоты әрдайым бір уақытта төленіп, арнайы бір папкаға салынады. Журналдар үйде 1-2 апта болады да, кейін қоқысқа тасталынады.
5. Олар кейінге қалдырмайды. Табысты адамдар істі өздері жоспарлаған уақытта жасайды. Істі кейінге шегере берген сайын жағымсыз жағдайға ұшырау мүмкіндігі артады және көптеген мүмкіндіктерге тосқауыл қойылады.
6. Олар алға мақсат қояды және оған арнайы мерзім тағайындайды. Табысты адамдар қандай да бір мақсаттарына қол жеткізу үшін олар нені көздейтіндерін және қай уақытқа дейін жете алатындығын толығымен түсінеді. Олар әрдайым сол мақсатты қайта қарастырып, күнделікті онымен жұмыс жасауға уақыт бөледі. Олар қорытындыны талдап, бақылайды және шешім шығарып отырады.
7. Олар тек пайдаланатын заттарды ғана сақтайды. Табысты адамдар өздеріне қажет емес заттармен өмірлерін үйіп тастамайды. Олар бос кеңістікте дем алудың, ойлаудың қаншалықты тиімді екенін біледі. Олар үйіне тек өздеріне ұнаған және пайдалы заттарды ғана кіргізеді.
Суреттер: hohma4.blogspot.com