- Негізгі бет
- Психология
- Табысқа ұмтылғандар сылтау...
Табысқа ұмтылғандар сылтау айтпайды
Табысқа жету жолында адам түрлі кедергілерден өтеді. Жасалған еңбек өз жемісін бірнеше жылдардан кейін беруі мүмкін. Табыс ауадан берілмейді. Оған жету үшін бірнеше уақыт бойы, айлап, жылдап қажырлы еңбек ету керек. Біз бүгін оқырмандарымызға табысқа жеткісі келетін адамға қажетті қанатты сөздерді ұсынбақпыз.
«Мен өз жұмысымды жек көрем...»
Табысқа қолы жеткен адамның алғашқы ережесі – әділ бола білу және бейтараптықты сақтау.
Ойланып көріңіз: артық ауыр жүк пен кәнәлаулар, өкпе-реніштермен алға жылжы аласыз ба, жоқ па? Өз жұмысыңыздан ләззат ала білгенде ғана еңбектің нәтижесі көріне бастайды.
«Бұлай әділетсіз...»
Мықты адам әлсіздік танытпауы тиіс. Табысты жан өз күшінің жете бағаланбай қалмауы үшін ешкімге жалынбай, еш адамнан көмек сұрамай өмір сүреді. Өмірде барлығы әділ емес. Біз көп жағдайда әділетсіздіктерге тап болған кезде сынып кетпеу үшін ондайды да лайықты түрде күтіп алуды біліп жүрген жөн.
«Біз мұндай жерде олай жасамаймыз...»
Өзгерістерге ұмтылу – табысты адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Біз қаншалықты жаңалықтарға құмартамыз, соншалықты жетістіктерге, тың идеяларға жете аламыз. Өзгеріс жасау, алға ұмтылу табысқа қол жеткізудің басты шарты болып табылады.
«Бұл менің ісім емес...»
Нағыз еңбекке ұмтылған табысты жандар айналасына зиянын тигізбейді. Керісінше, ол өзі тұрғылас адамдардан, әріптестерінен көмек қолын аямайды. Олар кез келген іске қолымнан келмейді деп тартынбай, белсенді түрде кірісіп кетеді. Жетістікке жету үшін топпен бірге жақсы жұмыс істей білу керек, еңбексүйгіш, достыққа берік болу қажет.
«Бұл мүмкін емес...»
«Мүмкін емес» деу жай айтыла салған әңгіме ғана немесе енжар, іске құлқы жоқ адамның сөзі ғана. Мүмкін емес нәрсе жоқ. Бәрі де мүмкін. Тек адамға оны жүзеге асыратын тілек пен қалау еркі керек.
«Менде басқа таңдау жоқ...»
Біздің айналамыздыәр минут сайын мыңдаған мүмкіндіктер қоршап тұр. Табысқа ұмтылған адам ондай мүмкіндіктердің бірін де мүлт жібермеуге тырысып бағады. Ол қай нәрсені қайда жұмсау керектігін біледі. Барлығы адамның өзіне ғана байланысты. Бос сөзден бірден іске көшу қажет.
Ж. Жұмағұлов